1700-ден астам әйел саяси себептермен сотталып, ақталмаған
Семинар «НКВД ГУЛАГ лагерлерінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін ақтау жөнінде» тәжірибе және ақпарат алмасу мақсатында өтті. Шараны Мемкомиссияның Жобалық кеңсесі мен Ақмола облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар жұмысы Мемлекеттік комиссия мүшесі, Жобалық кеңсенің басшысы және Әдіснама жөніндегі Кіші комиссияның басшысы С.Қасымов ашты. Өз баяндамасында С.Қасымов Кеңес Одағының «Қызыл террор» деген атауға ие болған кезеңінде алғашқы нұсқаулар мен саяси шешімдер Троцкий, Ленин, Дзержинский тарапынан қабылданғанын, өздерінің саяси қарсыластары контрреволюционерлерге, ақ гвардияшыларға, бұрынғы офицерлерге, поптарға, кулактарға қарсы басқа да тап жауларын бейтараптандыру үшін арнайы лагерьлер құрылғанын атап өтті.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мусралимова құттықтау сөз сөйледі.
Семинарда бұрынғы Кеңес Одағында лагерьлер барлық жерде дерлік құрылғандығы айтылды. Қысқа уақыт ішінде елде большевиктер билігінің халыққа қарсы саяси бағытымен келіспейтіндердің барлығын қудалауға арналған, біртұтас жүйе құрылды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы бұндай лагерьлер барлық жерде дерлік құрылды, өйткені жаппай саяси қуғын-сүргін барлық аймақта халықтарына қатысты болды. Сондықтан, баяндамашы атап өткендей, «біз жұмысымыздың басынан бастап әдіснамада және әрбір семинарда репрессияның барлық тақырыбын да, жекелеген фактілерді де саясаттандыруға жол бермеу, басқа халықтар мен мемлекеттерді кінәламау туралы айттық. Бұрынғы Одақтың барлық халықтары зардап шекті. Билік балаларды да, әйелдерді де аямады».
Мысалы, ғалымдар анықтағандай, бүгінгі күні толық емес деректер бойынша РСФСР ҚК – нің 58 – бабы бойынша ғана саяси себептер бойынша кінәсіз сотталған әйелдердің саны, 1928-1937 жылдар кезеңінде республика бойынша – 3246, оның ішінде 266-сы ең жоғары жазалау шарасы - ату жазасына кесілген. Солтүстік Қазақстан облысында 58 бап бойынша сотталған 33 әйелдің барлығы атылды. Қостанай облысында 58 бап бойынша сотталған 28 әйелдің барлығы атылды. Ғалымдардың мәліметтері бойынша, саяси себептермен сотталып ақталмаған әйелдердің саны бүгінде 1700-ден асады. Басқа баптар бойынша қанша әйел ақталмағанын әлі де айқындау керек.
Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұлттық құрамы: орыстар, қазақтар, украиндар, еврейлер, литвалықтар, беларустар, татарлар. Өлім жазасына кесілгендердің арасында көптеген басқа этностардың өкілдері бар: әзербайжандар, армяндар, грузиндер, литвалықтар, молдовалықтар, мордвиндер, шешендер, эстондар, тіпті «алыс шетел» деп аталатын елдердің өкілдері – болгарлар, венгрлер, голландтар, қарақұмық, испан, итальяндықтар, қытайлар, парсылар, финдер, жапондар.
Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Степной, Песчанный, Луговой, Дальний лагерьлерінің жұмыстары ұзақ уақытқа созылды. Сондай-ақ әйелдер лагерлері, олардың ішіндегі ең танымалы «АЛЖИР», тұтқын балаларға арналған лагерлер (балалар үйлері деп аталады). Қарлаг аумағында сотталған балалардан тұратын 6 ірі балалар үйі құрылды. Жас балаларды кеңес халқының балалары екендігін айтып шабытандырып, ал олардың ата–аналарын «халық жаулары» ретінде көрсетті. Сондықтан олар өз фамилиялары мен ата-аналарынан бас тартты. Сондай-ақ, 14-15 жасқа толған тұтқын балаларға арналған лагерьлер болды. ІІХК №489 бұйрығына сәйкес олар «Отанын сатқандардың отбасы мүшелері» ретінде қабылданды.
ГУЛАГ лагерлері - сталинизм қолдан жасаған бақытсыздықтың, мазақ ету, адам мен тұлғаларды қорлау, олардың бостандығын тұншықтырудың ортасы болды.
Кеңес Одағының халықтары сол бір қорқынышты кезеңнен өтті және аман қалды. Содан кейін фашизмді де жеңді. Бұрынғы одақтас республикалар, олардың арасында Қазақстан да тәуелсіздігін алды. Қазақстанның барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерімен жақсы, сенімді қарым-қатынас орнатты.
Семинар барысында Мемкомиссияның Жұмыс тобының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Н.П. Калашникова және Қазақстан Республикасының 17 өңірінің өкілдері сөйледі.
Басқосуда қуын-сүргін саясатын зерттеу тақырыбы бойынша жаңа мәліметтер айтылды, нәтижелі пікір алмасу өтті. Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының барлық зерттеу бағыттары бойынша осындай семинарлар апта сайын өткізілетін болады.