175 мың қазақстандық шетелде жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелден елге оралғысы келетін Қазақстан азаматтарының барлығын әкелеміз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазір шетелде Қазақстан Республикасының 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Осы орайда ол жақын арада шетелдегі азаматтарды тасымалдау басталатынын айтты.

«Өздеріңіз білетін шығарсыздар, кейбір дамыған елдердің өзінде шетел азаматтарын емдеуден бас тартып, медициналық сақтандыруды жойып жатыр. Мысалы, біз АҚШ-тан 179 азаматымызды алып келеміз. Бұлар студент пен мектеп оқушылары. Польшадан 65, Израильден 28 азаматымызды жеткіземіз. Ресейден мамыр айында 6 мыңнан аса азаматымызды әкелуді жоспарлаудамыз», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар