18 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 18 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
63 жыл бұрын (1963) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Қадырұлы СЫРЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында қызметкерлер отбасында туған. Алматы қаласындағы жалпы білім беретін орта мектепті үздік аяқтаған соң, 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскен. Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы жанындағы Нарық институтында «Банк ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде заңгер біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1985 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих кафедрасында оқытушы болып қызмет еткен. 1995-1996 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің Дүниежүзілік қаржы институттары және олардың қызметін талдау бөлімінің маманы болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары ҚР мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктері және АҚ бас басқармасының орынбасары, 1998-2001 жылдары «Кітап әлемі» АҚ-ның вице-президенті, 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Өндірістік-шаруашылық және жалпы мәселелер жөніндегі проректорының орынбасары, 2002-2006 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде оқу-шаруашылық басқармасының басшысы, 2006-2008 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметінде болды. 2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ішкі аудит басқармасының басшысы, 2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау Департаментінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, 2010 жылы «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ Қаржы мәселелері жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қаржы-экономикалық қызмет жетекшісі болды. 2011-2018 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді.
2018 жылдың мамырында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
53 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Жұлдыз Оңайбекқызы БҰЛАМБЕКОВА дүниеге келді.
Қазақ заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылыЛенин ауданы әскери комиссариатының есепке алу және брондау жөніндегі инспекторы болып бастады. 1995 жылы "Мерей" ЖШС кеңсе меңгерушісі, 1997-1999 жылдары Қарағанды қаласы прокуратурасының хатшысы, 1999 жылы "Зерек" ЖШС заң кеңесшісі, 1999-2000 жылдары Астана қаласы ТҚҚД іс-жүргізушісі, 2000-2002 жылдары ҚР Бас әскери прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының жеке еңбек шарты бойынша бас маман, 2002-2003 жылдары ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының құжаттарды әзірлеу бөлімі аға прокурорының міндетін атқарушы, 2003 жылы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің прокуроры, 2003-2004 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің прокуроры, 2004-2005 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистика қалыптастыру басқармасының қылмыстылық, алдын-ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының жұмысы туралы статистика қалыптастыру бөлімінің прокуроры, 2005-2006 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыру-кадр жұмысы және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы, 2007-2009 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2013 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті арнайы есепке алу басқармасының дактилоскопиялық, іздестіру және тегі бойынша есепке алу бөлімінің аға прокуроры, 2014-2018 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Алматы облысы бойынша басқармасының бастығы, 2020-2025 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.
52 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Айдын Маратұлы НҰРБЕКОВ дүниеге келген.

Өскеменде туған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары Алматы қалалық сотының консультанты, жетекші консультанты, 1996-1997 жылдары Талдықорған гарнизоны әскери соты төрағасының көмекшісі, ҚР Әділет министрлігі әскери соттар басқармасының инспектор-кеңесшісі, 1997-2000 жылдары ҚР Әскери соты төрағасының көмекшісі, 2000-2004 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы, 2004-2007 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2007-2010 жылдары ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2010-2015 жылдары ҚР Әскери соты кассациялық сот алқасының төрағасы болып қызмет атқарды. 2022 жылдан – ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі.
Қазіргі лауазымын 2015 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.
47 жыл бұрын (1979) Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Шомпайұлы ЖӨРГЕКБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы, Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы ШҚО статистика департаментінің бас маманы болып бастады. 2005-2011 жылдары Тарбағатай аудандық статистика басқармасының басшысы болған.2011-2015 жылдары аралығында Ұлан аудандық статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2015-2019 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2019-2021 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021-2022 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бастап атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1980) Атырау облысы Индер ауданының әкімі Серік Бағытжанұлы НСАНБАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2008 жылдары Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы, 2008-2017 жылдары Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, 2017-2022 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2022-2024 жылдары Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың желтоқсанынан бері атқарып жатыр.
88 жыл бұрын (1938-2020) Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, Пәкістан ҒА мүшесі Кенжеғали Әбенұлы САҒАДИЕВ дүниеге келген.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1960-1963 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, 1963-1966 жылдары Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты, 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды. 1982-1990 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры, 1990-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры, 1994-1996 жылдары ҚР ҰҒА президенті, 1996-2004 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры болды. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылым депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, 2010 жылдан «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі болды.
ҚР ҰҒА академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, ҚР ЖМ ҒА және ЖМ ХҒА академигі, Пәкістан ҒА мүшесі (2002). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003). «Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Халықтар Достастығы» (1987), «Парасат» (2005), II дәрежелі «Барыс», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Кембридж өмірбаян орталығының «Жыл адамы-1992» атағын алған.