18 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 18 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
63 жыл бұрын (1963) Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Қабылжапарұлы ХАМИТОВ дүниеге келді.

Павлодар қаласында дүниеге келді. Р.Руденко атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденінің Свердлов заң институтын, Қазақстан инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің Ішкі істер қызметінен бастаған. 1990-2018 жылдары Павлодар облысының прокуратурасында жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап өңірдің мемлекеттік органдарында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының Мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.
47 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлы БІРЖАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған.
Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады. 1999-2004 жылдары СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді. 2004-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 2014 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2017 жылы «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметінде болды. 2018-2020 жылдары «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру департаментінің басшысы лауазымын атқарды. 2021-2022 жылдары ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.
45 жыл бұрын (1981) ҚР Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Сәкен Сансызбайұлы ЖОРАБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында (қазіргі – Тараз) туған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы Орал қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Әр уақыттарда Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының прокуратураларында және Бас прокуратурада қызмет атқарған. Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.
41 жыл бұрын (1985) «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Шоқанұлы КҮЗДІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2005 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де Менеджмент магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Халықаралық еншілес ұйымдарды дамыту департаментінің бас маманы, 2009-2012 жылдары «Бірінші несиелік бюро» ЖШС Қаржылық жоспарлау және қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы, 2012-2013 жылдары «Мемлекеттік несиелік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2013 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. 2015-2020 жылдары «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2020-2024 жылдары «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1990) Қазақстан IT компаниялары қауымдастығының («IT Kazakhstan» бренді) президенті Айымгүл Ақылбайқызы ӘБІЛЕВА дүниеге келді.

Петропавлда дүниеге келген ол Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар факультетін бітірген.
Еңбек жолы: Arta Software компаниясының жоба менеджері (2012-2014); «Бәйтерек» холдингі жанындағы Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы IT қызметінің басшысы (2014-2016); «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Нарықты мониторингтеу және сараптау орталығының бас директоры (2016-2019); Arta Services компаниясының бас директоры (2019).
2025 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
34 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Әлімжан Қамбарұлы ТҰРАР дүниеге келді.

Ол Саутгемптон университетін (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша электр энергетикасы инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: «KEGOC» АҚ жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрик; Астана қалалық Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті бөлімінің бас маманы; Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің бас маманы; және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің бөлім бастығы.
2026 жылдың қаңтар айынан бері қазіргі қызметін атқарып келеді.