18 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 18 қаңтар сағат 08:00–дегі жағдай бойынша төмендегі автожол учаскелерінде қоғамдық көлік пен дизель қозғалтқышы бар автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 834-856-шақырымы (Ақмола обл. шекарасы — Чистополье ауылы); • «Жезқазған — Петропавл» автожолының 595-625-шақырымы (Ақмола обл. шекарасы — Дружба ауылы).

Қостанай облысы

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 340-377-шақырымы (Арқалық қ. — Ақмола обл. шекарасы); • «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 108-232-шақырымы (Әулиекөл кенті — Ақмола обл. шекарасы).

Ақмола облысы

• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232-260-шақырымы (Қостанай обл. шекарасы — Сұрған кенті);

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377-595-шақырымы (Қостанай обл. шекарасы — СҚО шекарасы);

• «Жақсы — Есіл — Бозқұлық» автожолының 0-82-шақырымы (Жақсы — Бозқұлық);

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 16-256-шақырымы (Астана қ. — Атбасар қ.);

• «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0-184-шақырымы (Көкшетау қ. — Атбасар қ.);

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырымы (Астана қ. — Павлодар обл. шекарасы).

Жетісу облысы

• республикалық маңызы бар «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 561-615-шақырымы (Үшарал қ. — Абай обл. шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1066-1135-шақырымы (Молодежный кенті — Павлодар обл. шекарасы); • «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231-324-шақырымы (Павлодар обл. шекарасы — Ботақара кенті);

• «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» автожолының 219-320-шақырымы (Қарқаралы қ. — Абай обл. шекарасы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы (Қосақ б/ө)» автожолының 200-415-шақырымы (Атамекен кенті — Ақмола обл. шекарасы);

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206-шақырымы (Қарағанды обл. шекарасы — Шідерті кенті);

• «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-231-шақырымы (Қарағанды обл. шекарасы — Қалқаман кенті);

• «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Үлкен Ақжар — Курчатов» автожолының 0-220-шақырымы (Атамекен кенті — Абай обл. шекарасы);

• «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы (Амангелді б/ө)» автожолының 0-263,78-шақырымы; • «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — (Зайсан айналма жолы) — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Үрлітөбе б/ө)» автожолының 191-390-шақырым (Мичурино ауылы — РФ шекарасы);

• «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы (Шарбақты б/ө)» автожолының 0-112-шақырымы; • «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы (Қосақ б/ө)» автожолының 0-152-шақырымы (Павлодар қ. — РФ шекарасы);

• осы халықаралық автожолдың 426-587-шақырымы (Кенжекөл кенті — Абай обл. шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

Таулы аймақтағы күрделі жағдайға байланысты Осинов асуында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды:

• «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымы (Северное ауылы — Серебрянск қ.).

Жабық жолдар

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты мына өңірлерде барлық көлік түрі үшін қозғалыс толық тоқтатылды:

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы — Қайнар ауылы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 621-841-шақырымы (Атырау қ. — Құрманғазы кенті).
 

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесінде Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол жабық.

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар