18 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні

АСТАНА 17 қараша. ҚазАқпарат - Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ қарарына сәйкес қарашаның үшінші жексенбісі Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні болып табылады.
None
None

Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу идеясы, осы күнді 1993 жылдан бастап атап өтіп келе жатқан RoadPeace ұлыбритандық ЖКЕ құрбандарына көмек көрсету қайырымдылық қорынан туындады.

 2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өз қарарында бүкіл әлем бойынша барлық мүше елдерді Бүкіл әлемдік ЖКЕ құрбандарын еске алу күні ретінде белгілеп, оны қарашаның үшінші демалысында атап өтуіне шақырды.

Акцияның мақсаты:

  • жолдарда қаза болу, жарақаттанудың жан түршігерлік ауқымына және барлық жол қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару;
  • апаттылықтың алдын алу және жолдарда құқық бұзушылықтарға қатаңдатылған қарсы іс-қимылды алғашқы жоспарға шығару;
  • өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуге әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету;
  • ЖКЕ-да қайтыс болғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасыларының қайғысына ортақтасу;

Осыған байланысты 2012 жылғы 12-18 қараша күндері ІІМ «Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы» кең көлемді республикалық акциясын өтуде, оның шеңберінде Жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті барлық жүргізушілерге 18 қарашада ЖКО құрбандарын еске алу күні, ынтымақтастық және қолдау белгісі ретінде автомобильде фардың жақын жарығын қосып, түсте (жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де) автомобильдің дыбыс беру сигналын басуына, осылайша ЖКО-да қаза болғандар мен зардап шеккендерді еске алуға шақырды.

        

Соңғы жаңалықтар