18 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде электр энергетикасы саласын дамыту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары қаралады.
11.00-де «Жанұя» орталығында «Мейірім керуені» байқауының басталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.
10.00-де «Қаллеки» театрының алғашқы жылдарында жетекшілік етіп, репертуарының қалыптасуына өзіндік еңбегін сіңірген Қазақстанның Халық артисі, режиссер Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері және Қ.Жетпісабаевтың «Бала мерген» қойылымының премьерасы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
18.00-де Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің ашылу салтанаты мен Ш.Жандарбекованың шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылады.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Алтайдан ауған ел» драмасы көрсетіледі.
19.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Жүзімдіктің көлеңкесінде» мелодрамасы көрсетіледі.
19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «FOLK & SYMPHONY» концерті өтеді.