18 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 18 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

53 жыл бұрын (1971) Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген.

АБДЫГАЛИУЛЫ Берик
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Қарағанды облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.

Еңбек жолы: Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы (1988-1989), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері (1994-1995), бөлім меңгерушісінің м.а. (1995-1996), институт директорының орынбасары (Алматы) (1997), ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы), ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола) (1997), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана) (1998-1999), ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (1999-2000), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (2000-2001), Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (2001-2002), Ұлттық зерттеулер институтының директоры (2002-2003), «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2004), «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (2004-2005), «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (2005-2006), «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (2006-2007), ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (2007-2008), ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008), Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (2008-2010), Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2010), Жезқазған қаласының әкімі (2010-2012), Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (2012-2013), Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2013), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі (2017-2019). Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2019-2021). ҚР Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты (2021-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың шілде айынан бастап.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

51 жыл (1973) бұрын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы ӘБІЛ дүниеге келді.

АБИЛ Ерлан Куанышулы
Фото: apa.kz

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. 1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Экономика және кәсіпорындағы басқару» кафедрасының ассистенті, Жезқазған қ. (1995-1996), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеушісі, Қарағанды қ. (1996-1997), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Жезқазған қ. (1997-1999), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Жезқазған қ. (1999-2002), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының доценті, Жезқазған қ. (2002-2002), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, Жезқазған қ. (2002-2006), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» институтының директоры, Жезқазған қ. (2006-2006), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, Астана қ. (2006-2012), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (2012-2013), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (2013-2016), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институты директорының м.а., Астана қ. (2016-2017), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының директоры, Астана қ. (2017-2019).

2019 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі бар. Британдық PRINCE2® жобаларды басқару әдісінің, сондай-ақ жобалар, бағдарламалар және портфолио менеджменті саласындағы ҚР СТ ISO 21500/21503/21504 ұлттық стандартының аккредиттелген тренері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2020).

50 жыл бұрын (1974) Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Мұхит Бақытұлы ӘЗІРБАЕВ дүниеге келді.

АЗИРБАЕВ Мухит Бакытович
Фото: inbusiness.kz

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын (бүгінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті) бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкінде бастады, 5 жыл ішінде валюталық бақылау бөлімінің бастығы болды. 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Астана қаласында «Қуат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг бөлімнің бастығы және корпоративтік қатынастар департаментінің директоры. 2009 жылдың тамыз айында «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2017-2019), Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы (2019). Алматы қаласы әкімінің орынбасары (04.2019-21.09.2022).

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медалімен, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

34 жыл бұрын (1990) Қазақстан бокс федерациясы қауымдастығының президенті Шахмұрат МҮТӘЛІП дүниеге келді.

 Ассоциации «Казахстанская федерация бокса
Фото: facebook.com/sporttime.kz

Алматы облысы Іле ауданында туған. «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген (2012).

Еңбек жолы: «БЕНТ» АҚ шпал өндірісінің механигі, экономист, аға есепші, қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті (2008-2015); «Концерн «Қазақсельмаш» ЖШС директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі (2016-2017); «IST Group» ЖШС тәуелсіз директоры (2017-2020); «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры (2020-2021); «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (2021-2024).

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар