18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қыркүйек күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігінде жауын жауып, желдің күшеюі күтіледі. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.  
None
None

Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай  ойнап, екпінде жел соғады.

Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, Қостанай облысында тұман  болады. 

Соңғы жаңалықтар