18 мамыр. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
89 жыл бұрын (1936) ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Омарұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.
«Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ ССР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған. Өз туындыларын орыс тілінде жазады.
Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген.
Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн - арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», т.б. жинақтары шыққан.
І дәрежелі «Барыс», «Отан», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының көшбасшысы, Қазақ ССР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының лауреаты, Татарстан Республикасының Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі болды.
68 жыл бұрын (1957) Қазақстан және Астана Митрополиті, Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ басшысы АЛЕКСАНДР (Александр Геннадьевич Могилев) дүниеге келді.

Киров қаласында (РФ) туған. Бірінші разряд бойынша Ленинград діни семинариясын, Мәскеу діни академиясын, Санкт-Петербург заң университетін бітірген.
Ленинград діни академиясында оқыған. 2010 жылдың 5 наурызында қасиетті Синод шешімімен Орыс Православ шіркеуінің басшылығы Астана және Алматы архиескопы етіп тағайындады.
2010 жылғы 26 шілдедегі Қасиетті Синод шешімімен Қазақстан Республикасында Метрополитен округінің заңды рәсімделуіне байланысты атауы «Астана және Қазақстан» болып өзгертілді.
60 жыл бұрын (1965) Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Жолдасқызы АРЫСТАНОВА дүниеге келді.

А.Р.Бируни атындағы Ташкент политехникалық институтын өнеркәсіп инженері мамандығы бойынша (1987); Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, инженер-кадастр (2013); Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, экономика және бизнес магистрі (2014); Қ.Сәтбаева атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген (2020).
Еңбек жолы: Атырау қаласы №2 ТКШ бөлімінің бригадирі, бастығы, инспекторы (1991-1993); инженер, экономист, РЭУ-2 жоспарлау бөлімінің бастығы; РЭУ-3 Атырау (1993-1997); «Атырау жылу электр орталығы» АҚ есепшісі, бөлім бастығы (1997-2001), «Атырау-Жарық» экономисі (2001); «Атырауоблгаз» басқармасы бастығының орынбасары (2002); Атырау облысының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы (2002-2003), Басқарма бастығының орынбасары (2003-2004); Атырау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы; Атырау облысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары (2005); Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (2005-2006); Атырау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары (2006-2017); Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2017).
2017 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
54 жыл бұрын (1971) ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Ғосманқызы ИБРАЕВА дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰПУ) тарих және қосымша құқық мамандығы бойынша бітірген (1993); «Қазақстандағы мұражай ісінің тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1999); «Қазақстандағы мұражай ісі: қалыптасуы мен дамуының тарихи тәжірибесі (1831-2006)» тақырыбындағы докторлық диссертация (2010).
Еңбек жолы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰПУ) тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, М.Қ.Қонов атындағы мемлекеттік университетінің ғылым жөніндегі проректоры.
«Шапағат» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы қызметі үшін» және «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.
4 монография, 7 том серия, 5 том ғылыми жинақ, 7 оқу-әдістемелік құрал және бірнеше ғылыми мақалалардың авторы.
44 жыл бұрын (1981) ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕК дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.
Сингапурда мемлекеттік қызмет колледжінде, АҚШ-тың Индиана штатында Нотр Дэйм университетінде оқыды, Римде La Sapienza университетінде халықаралық қауіпсіздік және геосаясат магистрі дәрежесін алды, Римдегі ICU институтында 2 жылдық тағылымдамадан өтті. 2000-2002 жылдары конгресмен Марк Смиттің сайлауалды науқанында жеке көмекшісі, Айова штаты үкіметінің ақпараттық технологиялар департаментінде инновациялық технологиялар қызметкері болды.
2002-2006 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекет пен құқық теориясы және тарихы» кафедрасында оқытушы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры және Астанадағы «Art-Motion» ЖШС-да промоушн және дизайн агенттігінің директоры.
2006-2008 жылдары - Туриндегі қысқы Олимпиада ойындарында TOROS-та ұйымдастыру комитетінің аудармашысы, «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр жұмыстары және мемлекеттік бақылау бөлімінің кадр саясаты секторының меңгерушісі.
2008-2009 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару институтының менеджмент кафедрасының доценті, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кадр саясаты және персоналды басқару департаментінің атқарушы директоры.
2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болды.
2013 жылдан Нұр Отан партиясы қоғамдық саясат институтының директоры, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2016-2017 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры.
2018 жылдан бері BTS Education компаниясының басшысы.
VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
63 жыл бұрын (1962-2015) Қазақстанның әйгілі эстрада әншісі, композитор Батырхан Қамалұлы ШҮКЕНОВ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. 1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді.
1987 жылы «Алматы» тобын құрады. Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды.
1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Осы жылы «А-Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» әш кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Совет одағы аумағында танымал болды.
Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды.
2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды.
2009 жылы ЮНИСЕФ ерікті елшісі, 2010 жылы Алматыдағы қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды.
Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұм Алматыда жерленді.