18 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 18 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

18 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ

Париж коммунасы күні. 143 жыл бұрын (1871) тұңғыш пролетарлық революция жүзеге асып - Париж коммунасы құрылды. 1872 жылғы 20 ақпаннан бері Париж коммунасының күні ретінде аталып келеді.

Ресей дің салық полициясының күні. 2000 жылы наурыздың 16-ында бектілген.

Моңғолиядағы ер азаматтар мерекесі - әскери қызметкерлер күні. Бұрын бұл күн Моңғолияның әскерінде қызмет етіп жүрген қызметкерлердің мерекесі ретінде тойланатын. Бүгін де ол елдегі барлық ер азаматтардың мерекесі деп танылды. Жалпы, бұл күн 1921 жылы Моңғол халықтық әскерінің құрылған күніне орай тойланады. Аталған жылы Қызыл әскердің көмегімен Боғда ханның үкіметі тақтан тайдырылып, оның орнына Моңғол халықтық республикасы құрылған күнмен тығыз байланысты.

Арубадағы мемлекеттік рәміздер күні. Аталмыш дата 1976 жылдың 18 наурызында Арубадағы ұлттық тудың қабылданғанына орай мерекеленіп келеді. Аруба - Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралының құрамындағы кішігірім арал. Бүгінде ол Нидерланды Корольдігінің құрамындағы федерациялық субьект болып табылады. 1973 жылы Аруба халқы референдум кезінде Нидерландыдан тәуелсіздігін алғысы келетінін білдірді. 1976 жылы аталмыш тәуелсіздік мәртебесі берілмеген соң, Арубаның премьер-министрі нидерландылық үкіметке арал біржақты өзінің тәуелсіздігін жариялайтынын айтып сес көрсетті. Осыған орай, 18 наурызда ұлттық ту мен мемлекеттік әнұран қабылданды.

Беларусь Республикасының ішкі әскер күні. Беларусь елінде ішкі әскердің тарихы 1918 жылдан басталады. Сол жылы 18 наурызда конвой қарауыл командасының еріктілерінен ішкі әскер құрылған болатын. Кеңес одағы тараған кезде елдің ІІм 43-ші ішкі әскер дивизиясы беларусь Республикасының ІІМ қарамағына өтті. 1992 жылдан бастап аталған дивизия елдің ІІМ болып қайта құрылды.

Түркиядағы Галлиполи шайқасында қаза тапқандарды еске алу күні. Бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта елдерінің Түрки астанасын басып алу мақсатындағы Дарданелль операциясы кезіндегі шешуші шайқас болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 40 жыл бұрын (1874) Санкт-Петербордағы Ретгер және Шнейдер баспаханасында «Түркістан» альбомы суретті кітабы шығарылды. «Түркістан» альбомында белгілі суретші В.Верещагиннің Орта Азия халықтарының тұрмыс салтын білдіретін көріністер мен архитектуралық ескерткіштердің суреттері берілген. Кітаптың мұқабасында бұл туындыны қайта басуға рұқсат етілмейді деген сөздер жазылған. «Түркістан» альбомында Самарқанд ескерткіштері, Орта Азиядағы 19 ғасырдың орта кезінде өмір сүрген ұлттардың бейнелері, Алатау тауының көріністері, Керуен сарайы, Самарқанд әмірінің сарайы, қазақ үйінің іші, көшіп бара жатқан көріністері бейнеленген. «Түркістан» альбомына 106 сурет енгізілген.

1 9 жыл бұрын (1995) Мемлекет басшысы қатысуымен елдегі қылмыспен күресті нығайту мәселелері бойынша республикалық мәжіліс өтті. Сол күні «Қылмыспен күрес және құқықтық тәртiптi нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы» және «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексіне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің екі қаулысы басылым беттерінен жарық көрді.

1 7 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Петропавл жоғары әскери училищесі құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты училище 8 мамандық бойынша офицерлер дайындайды.

9 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Қазақстан Республикасы Орталық мұражайында «Кілем-киіз бұйымдары» атты көрме ашылды. Мұнда ұлттық ою-өрнекпен әрленіп, түр-түске енген ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіне жататын мұражай қорындағы 500-ден астам еңбектің 30-ы көрмеге шығарылды. Олар текемет, тұскиіз, алаша, қалы кілем, тақыр кілем сияқты жерге төсейтін, қабырғаға ілетін кілем, сырмақтардың сан-алуан түрі.

8 жыл бұрын (2006) Прагада Чехиядағы Қазақстан студенттерінің «Бәйтерек» клубының тұсаукесер рәсімі өтті.

6 жыл бұрын (2008) Мәжіліс үйінде депутат Уәлихан Қалижанның «Президент» деп аталатын жаңа кітабының таныстырылымы болып өтті.

Кітапта еліміздің тұңғыш Президенті, есімі әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның егемендік алғаннан бергі атқарған қызметтері жайлы, еліміздің аймақтарына, алыс және жақын шетелдерге барған сапарлары туралы, тарихи сәттерде сындарлы шешім қабылдаған сәттері жөнінде жазылған.

Кітаптың мазмұны терең. Жылдар өткен сайын бұл кітаптың тарихи, әдеби құндылығы арта түседі», - деді. Халық жазушысы Шерхан Мұртаза: «Бұл туынды жеке Президенттің атқарған қызметін көрсетіп қана қоймайды. Мұнда тарих жатыр. Біздің тарихымыздың өзі үзік-үзік. Әлі түгел емес. Тарихшылар осы уақытқа дейін біртұтас қазақ елінің тарихын жаза алған жоқ. Оны болашақ ұрпақ жазады деп ойлаймын. Соның сүбелі бір саласы осы «Президент» деген кітап.

Кітап Алматы қаласындағы «Құс жолы» баспасынан жарық көрген. Кітаптың көлемі 24,5 баспа табақ. Таралымы бір мың дана.

5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Локомотив» АҚ-ның тапсырысы бойынша «General Electric» компаниясы жасап шығарған жаңа буындағы «Evolutiоn» сериялы тепловоздарын қолданысқа беру салтанатты рәсімі өтті.

Жаңа буындағы тепловоздар қазақстандық стандарттарды және еліміздегі темір жол жұмыс талаптарының жағдайларын ескере отырып жасалған. Жүргізуші кабинасы жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұнда жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалып, қозғалтқыш дыбысын оқшаулағыштар және микроклимат реттегіштері орнатылған. Сондай-ақ жүргізуші жұмысын жеңілдететін микропроцессорлық басқару жүйесі енгізілген.

4 жыл бұрын (2010) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Көксарай су тоспасының ашылу рәсіміне қатысты.

Көксарай - Арыс ауданында, Сырдария өзенінде салынған су қоймасы.

Енді Қызылорда су тасқынынан қорғалып отыр. Жыл сайын біз бөгеттер салуға, судан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіруге қомақты қаржы жұмсайтынбыз. Көксарай қазірдің өзінде мол су қабылдап жатыр және бұл игі іс бізге Сырдарияның төмен жағындағы су тасқынының алдын алуға мүмкіндік беріп отыр», - деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде.

4 жыл бұрын (2010) Елбасы Шымкентте «Азия Керамик» ЖШС-нің керамогранит зауытын ашты. Бұл - үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларының бірі.

Зауытта итальяндық жабдықтар орнатылған. Бұл жабдықтардың мүмкіндіктерін жақсы зерттеп шыққан осы салада үлкен тәжірибеге ие түріктің «Seramist Toprak Sanai Ve Tigaret Limited Sirketi» фирмасының мамандары Шымкенттегі жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. Нысанның құны - 35 миллион долларға жуық, қаржының басым бөлігін - 31,8 миллион доллар соманы - несие түрінде Қазақстанның Даму банкі беріп отырса, қалған 4 миллион долларды - түрік инвесторлары салып отыр.

4 жыл бұрын (2010) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақ тіл білімі антологиясының таныстырылымы болды. 45 томдық басылымда қазақстандық ғалымдардың, жоғары оқу орны оқытушыларының және «Қазақ тілі» қоғамы белсенділерінің қазақ тіліне арнаған зерттеулері мен мақалалары жарияланып отыр.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болып, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

3 жыл бұрын (2011) Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Президенті Н.Назарбаев полиэтиленді тұрба шығаратын «Актюбстройхиммонтаж» ЖШС-нің ашылуына қатысты.

1 жыл бұрын (2013) «Қазақстанның заңгерлер бірлестігі» РҚБ елордалық бөлімшесі пайда болды.

46 жыл бұрын (1868) Орыстың химиялық қауымдастығының отырысында Д.И.Менделеетің периодикалық таблицасы туралы хаттама оқылды.

95 жыл бұрын (1917) Ақпан төңкерісінен кейін «Правда» газеті қайтадан шығарыла басталды. Бастапқыда Орталық комитеттің ресми органы болып, кейін елдің басты басылымына айналды.

90 жыл бұрын (1924) АҚШ-та «Бағдар ұрысы» атты мылқауларға арналған көркем фильмнің тұсаукесері болды. Режиссер Рауль Уолш бұл фильмді араб ертегілерінің желісі бойынша түсірген. Картинаның бюджеті 2 млн.долларды құрап, 1996 жылы Конгресс кітапханасында сақталатын фильмдердің ұлттық реестріне енгізілді.

83 жыл бұрын (1931) АҚШ-та алғашқы электр сақал қырғыштары шығарыла басталды.

82 жыл бұрын (1932) Австралияда сол кездегі әлем бойныша ең үлкен әрі кең, Порт-Джексон бұғазынан өтетін Харбор-Бридж көпірі ашылды. Аталмыш көпірді салуға құрылысшылар алты жыл жұмсаған. Болаттан жасалған көпірдің жалпы салмағы 52 800 тоннаны құрады.

54 жыл бұрын (1960) экранға «Саяхатшылар клубы» бағдарламасы шықты. Алғашқы шығарушысы әрі президенті В.А.Шнейдеров болды. Ол көркем фильмнің экспедициялық-шытырман оқиғалық жанрін қалыптастырған адам. Өз өмірінде 500 мың шақырып жолды жүріп, саяхаттаған адам.

34 жыл бұрын (1980) «Плесецк» ғарыш стансасында ұшырылуға дайындалып жатқан жерінде «Восток-2М» зымыраны жарылып, нәтижесінде 48 адам қаза тауып, көптеген адам зардап шеккен болатын.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1924-2000) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері СИМАШКО (Шамис) Морис Давидович дүниеге келді.

Одесса қаласында туған. Одесса педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1946-1976 жылдары оқу-ағарту салаларында қызмет атқарған. Қаламгердің шығармалары 1948 жылдан жариялана бастады. 1958 жылы «Новый мир» журналында «Қарақұм» повесі жарық көрді. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы - Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Таяу Шығыстың тарихы мен ежелгі мәдениеті болды. М.Симашко Сасанидтер династиясы билеген Иран жайында «Маздақ», Ыбырай Алтынсарин жөнінде «Дала қоңырауы», Әліби Жангелдин туралы «Дала комиссары», Ресейдің Екатерина патшайымы туралы «Семирамида» романдарын жазған. Көркем аударма саласында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романын, Ө.Қанахин, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, тағы басқалардың шығармаларын орыс тіліне тәржімалады. «Дала комиссары» пьесасы Орта Азия және Қазақстан театрларында қойылды. М.Симашконың сценарийлері бойынша «Дашқаладағы оқиға», «Қарақұмда», «Емшан» повестерінің желісінде «Сұлтан Бейбарыс», «Гу-Га» кинофильмдері түсірілді. Соңғы шығармасы «Төртінші Римді» ол Израильде жазып, Қазақстанға қайтыс боларының алдында беріп жіберген.

7 8 жыл бұрын (1936-1999) металлург, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кореспондент мүшесі, Қазақ КСР-інің құрметті өнертапқышы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының және Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі ӘБІШЕВ Жантөре Нұрланұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

1957-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Химия-металлургия институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты, ғылыми хатшысы, зертхана меңгерушісі, директорының орынбасары, директоры. 1983-1988 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик хатшысы. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Ғылыми-ұйымдастыру басқармасының бастығы. 1993-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры қызметтерін атқарған.

370-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы. АҚШ, Канада, ГФР, Австралия және тағы да басқа елдердің 50-ге жуық патенттерін және авторлық куәлігін алған. 11 техника ғылымының кандидатын, 2 докторын даярлаған. Негізгі ғылыми еңбектері түсті және сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Ол құрамында пирит бар полиметалл шикізатын термомагниттік жолмен байыту, сульфид концентраттарын автоклавта кремнийден арылту технологиясын жасап, тотыққан минералдарды гидротермдік жолмен сульфидтеу әдістерін ұсынды.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

6 4 жыл бұрын (1950) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі АРАЛБАЙ Төлеубек Мұхаметжанұлы дүниеге келді.

Семей қаласында туған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияны, Алматы мемлекеттік өнер институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген.

1964-1970 жылдары Семей облыстық драма театрының, 1974 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актер болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде дәріс береді.

У.Шекспирдің «Корлианында» Корлиан, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бармасында» Абай, Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде» Едіге, Ғ.Мүсіреповтың «Амангелдісінде» Амангелді, т.б. 40-қа жуық басты рөлдерді ойнаған.

Гастролдік сапармен Иран, Мысыр, Германия, Ресейде болып өнер көрсеткен. Аралбай «Қарашегіртке» телесериалында және «Аждаһа жылы» (Қытай) көркемфильміне түскен.

60 жыл бұрын (1954) сатирик, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты ӘЛІМБЕКҰЛЫ Толымбек дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, Жамбыл ауданының «Шұғыла-Радуга», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеді. Красногор ауданының «Коммунизм жолы - Путь к коммунизму» газетінің редакторы, республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналының бөлім редакторы болды. Қазақ теледидары «Орда» шығармашылық бірлестігінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Әдебиетшілер үйінің директоры қызметтерін атқарды. Қазір М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі. Сықақ әңгіме, өлендері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі», «Тамаша», «О несі, ей?» жинақтарында жарық көрді. «Когда солнце смеется» жинағына әңгімелері орыс тіліне аударылып басылды. «Ләм-мим», «Ым-жым», «Тойда жолығайық» атты сатиралық шығармалардың авторы. Р.Белецкийден, Ф.Буляковтан, М.Задорновтан тәржімалаған комедиялары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда қойылды.

66 жыл бұрын (1948) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әдебиет және өнер институтының директоры Қ АЛИЖАНОВ У ә лихан Қ алижан ұ лы - дүниеге келді.

Ол Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жангелді ауылында туған. 1971 жылы Қаз-МҰУ-ды, 1978 жылы осы оқу органының аспирантурасын бітірген. 1971 - 1978 жылдары «Жетісу» газетінде меншікті

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 18 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

, аға тілші, 1978-1980 жылдары , Қазақстан ЛКСМ ОК-тінде нұсқаушы, баспасөз секторының меңгерушісі, 1980 - 1986 жылдары « Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінің редакторы, 1986-1994 жылдары «Жас Алаш» газетінде редактор, 1995-1996 жылдары ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары,1996-1998 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1998- 1999 жылдары ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы болып қызмет еткен. ҚР Парламенті Мәжілістің ІІ, ІІІ, IV шықырылымдарының депутаты. «Президент», «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым», «Жәдитшіл жырлар», «Шеңбер» атты прозалық кітаптары, шығармаларының бес томдық жинағы жарық көрген. Г.Гулияның «Омар һаям туралы» романын қазақ тілше аударған. 1999 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алған. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Соңғы жаңалықтар