18 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шаралары қаралады.
10.00-де Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Нұр-Сұлтан қаласының жастарымен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесуі өтеді.
11.00-де «Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімін өткізеді.
11.00-де ZOOM платформасындағы KASE алаңында «Эмитент күні» жобасы шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Асхат Өзбековпен онлайн-кездесу өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Наурыз мейрамын тойлау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: Мәдениет және спорт Вице-министрі Нұрқиса Дәуешов; Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев (ZOOM); Нұр-сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Карантиндік шараларды алып тастау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – жаңғыру нышаны» атты мерекелік шара өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қанафия Оспановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қараөткел бояулары» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
19.00-де Астана балет театрында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балет-эпосы көрсетіледі.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясы өтеді.