18 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 18 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
78 жыл бұрын (1947) «Интеграция-Астана» ЖШС Бас директоры Владимир Карлович ГАРТМАН дүниеге келді.
Ақмола облысы Шортанды ауданының Ағанас ауылында туған. 1971 жылы Целиноград ауылшарушылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 1988 жылы Алматы жоғары партия мектебін «саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1971-1976 жылдары «Октябрь» кеңшарында инженер, цех бастығы, 1976-1984 жылдары «Урюпинский» кеңшарының директоры, 1984-1985 жылдары Шортанды аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1985-1988 жылдары Шортанды аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1988-1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің инспекторы, 1989-1992 жылдары Орал облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1992-1997 жылдары аппарат басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 1997-1998 жылдары Ақмола облысының әкімі болды.
Қазіргі қызметінде 1998 жылдың желтоқсанынан.
77 жыл бұрын (1948) тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Републикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Мәмбет Құлжабайұлы ҚОЙГЕЛДИЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Шу ауданының Төле би ауылында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін, кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1968-1971 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, Жамбыл облыстық мұрағатының ғылыми қызметкері, 1971-1989 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) доценті, 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, 1991-2001 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жаңа тарихы кафедрасының меңгерушісі, аталған университет жанындағы Біліктілікті арттыру институтының директоры, тарих факультетінің деканы, 2002-2006 жылдары ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметін атқарған. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының президенті; «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тарих және этнография бөлімінің меңгерушісі.
Отан тарихының жаңа заман кезеңі бойынша маман, педагог-ғалым, 400-ден астам қазақ ұлт-азаттық қозғалысы, ұлттық саяси басқарушы топ, саяси репрессия тарихына арналған 400-ден астам жариялыным авторы. Вена қаласының халықаралық университетінің Құрметті профессоры (Аустрия, 2007), Халықаралық Сократ («Socrates international Award» Оксфорд, Ұлыбритания, 2007) және Халықаралық Бейбітшілк сыйлықтарының иегері, Қызылорда мемлекеттік униврситетінің Құрметті профессоры.
Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай және басқа да қайраткерлердің еңбектерін дайындап, басып шығарды. «Отан тарихы» журналының бас редакторы, «Ақиқат», «Қазақ тарихы», «ДА» және т.б. журналдардың редакциялық алқасының мүшес болды. Қазақстан атынан халықаралық ғылыми форумдарға (Иран, Жапония, Түркия) қатысты.
50 жыл бұрын (1975) Шанхай автомобиль өнеркәсібі комитеті Орталық Азия ынтымақтастық орталығының директоры Жомарт Амангелдіұлы ӘБИЕСОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебімен бірлескен Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің «Резерв» РМК бас маманы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық Банкі жанындағы «Ұлттық талдау орталығында», ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде жұмыс істеді.
2002 жылдан бастап ҚР Президент Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, бас инспекторы, басшы орынбасары, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.
2008 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, 2011-2014 жылдары «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы, 2014-2015 жылдары «ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РМК директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2016-2019 жылдары «Астана» ХҚО басқарушысының кеңесшісі, «Қазпошта» АҚ трансформация жөніндегі басқарушы директоры, «Каспий ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы, Стратегиялық бастамалар орталығының басқарушы серіктесі болды. 2019-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарын атқарды. 2024-2025 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
48 жыл бұрын (1977) Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Баритұлы ТЕМІРЖАНОВ дүниеге келген.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген, АӨК салаларындағы инженер-экономист; Қазақ гуманитарлық заң университеті, заңгер бакалавры.
1998-2000 жылдары Көкшетау қаласы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалар бөлімінің салық инспекторы, 2000-2001 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас салық инспекторы, 2001 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, 2001-2006 жылдары «Рамут» ЖШС қаржылық директоры, 2008-2011 жылдары «Баймырза-Агро» ЖШС бас директоры болып жұмыс атқарды. 2008-2013 жылдары «Рамут корпорациясы» ЖШС қаржылық директоры, бас директоры, 2013-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының Астана қаласындағы консультанті, 2014-2016 жылдары «AgroInterTech» ЖШС бас директоры, 2012-2013 жылдары бесінші сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Ақмола облысы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының мүшесі болды. 2015-2016 жылдары бесінші сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. ФМБ НЗМ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшесі болды. 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.
2021 жылдан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.