18 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 18 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

48 жыл бұрын (1975)ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жомарт Амангелдіұлы ӘБИЕСОВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1996), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) «Қаржы және несие», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі («Болашақ» Бағдарламасы, Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), Гарвард Университеті (АҚШ), экономика ғылымдарының кандидаты.


2002 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Экономикалық саясат басқармасының Зерттеулер жүйесінің орталығында сектор меңгерушісі, бас инспектор, меңгерушінің орынбасары, «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банкі басшылығындағы Ұлттық талдамалы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдық-кадрлық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.


2008 жылдан 2011 жылға дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарушы директоры -Департамент директоры қызметін атқарды.

2011-2014 жылдары «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарған.

ҚР Банкнот фабрикасы РМК директорының бірінші орынбасары (04.2014-12.2015); «Астана» халықаралық қаржы орталығында кеңесші (01.2016-03.2017); «Қазпошта» АҚ трансформация жөніндегі басқарушы директоры (04.2017-04.2018); «Каспий ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы (05.2018-01.2019); Стратегиялық бастамалар орталығының басқарушы серіктесі (02.2019-08.2019); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары (09.2019-03.2020); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (03.2020-05.2020).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылғы мамырдан бастап.

46 жыл бұрын (1977) Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Баритұлы ТЕМІРЖАНОВ дүниеге келген.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Наурызбай батыр селосында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген, АӨК салаларындағы инженер-экономист; Қазақ гуманитарлық заң университеті, заңгер бакалавры.

1998-2000 жылдары Көкшетау қаласы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалар бөлімінің салық инспекторы. 2000-2001 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас салық инспекторы. 2001 ж. – Ақмола облысы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы. 2001-2006 жылдары – «Рамут» ЖШС қаржылық директоры. 2008-2011 жылдары – «Баймырза-Агро» ЖШС бас директоры. 2008-2013 жылдары – «Рамут корпорациясы» ЖШС қаржылық директоры, бас директоры. 2013-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Астана қаласы – консультант. 2014-2016 жылдары – «AgroInterTech» ЖШС бас директоры, Көкшетау қаласы, 2012-2013 жылдары – 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. Ақмола облысы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2015-2016 жылдары – 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. ФМБ НЗМ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшесі. 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының партиялық тізім бойынша сайланған.

2021 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар