18 жастағы Әмір Омарханов бір күнде екі матчты жеңіспен түйіндеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 771-ракеткасы Әмір Омарханов Монастир ITF M15 турнирін сәтті бастады.

Амир Омарханов
Фото: ҚТФ

18 жастағы теннисші алдымен жекелей сында әлемнің 688-інші, осы доданың 7-ракеткасы, италиялық Леонардо Россимен кортқа шықты.

Әмір тартысты кездесуде азулы қарсыласын 6:4, 2:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Әмір Омарханов ширек финалға шығу үшін рейтингіде 1 378-орындағы ұлыбританиялық Джеймс Коннелмен таласады. 

Қазақстандық теннисші франциялық Виктор Паганеттимен бірге жұптық сында италиялықтар Л.Росси – Пьетро Мугеллиді 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Жарыстың 4-ракеткалары Әмір Омарханов – Виктор Паганетти ширек финалда ұлыбританиялықтар Бенджамин Гусик Ван – Люциус Гуттерриджбен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың жұптық сында Мексикадағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар