18 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде қарсыласын камбэкпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 798-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирін жеңіспен бастады.

Әмір Омарханов
Фото: ҚТФ

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген Әмір алғашқы айналымда рейтингіде 1 187-орындағы италиялық, 22 жастағы Леонардо Примуччидің мысын басты. 

Аса тартысты өткен бәсекеде бірінші сетте италиялық спортшы тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Дегенмен бұдан кейін Ә.Омарханов таразы басын аудара білді – 6:4, 6:2. 

Әмір Омарханов ширек финалға шығу үшін рейтингіде 1 100-сатыдағы оңтүстіккореялық Ким Джун Гунмен таласады. 

Қазақстандық жас теннисшіге рейтингілік ұпай қорын молайту үшін осындай додаларда барынша сәтті өнер көрсету керек-ақ. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға кіргенін жазған едік.

Сондай-ақ Дэвис кубогында Қазақстан мен Монако құрамында кімдер ойнайтыны хабарланды.

Елена Рыбакина эйс саны бойынша көш бастады

Соңғы жаңалықтар