19:04, 17 Қыркүйек 2023 | GMT +5
18 жастағы Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық спортші, 18 жастағы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 829-шы, осы жарыстың 3-ракеткасы А. Сағындықова финалда дүниежүзілік рейтингте 1 253-орында тұрған үндістандық Вайшнави Адкармен чемпиондық атаққа таласты.
Бірінші партия тартысты болып, тай-брейкте Аружан сәтті ойнады - 7:6 (8:6).
Екінші сетте қазақстандық жас теннисші қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:0.
Сөйтіп, Аружан Сағындықова маңызды жеңісіне қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Тунистегі жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Дэвис кубогінде Қазақстан Болгарияны ұтып, келесі кезеңге шықты.