18 желтоқсанда көрсетілетін телесабақтар жексенбіге ауыстырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің білім беру ұйымдары осы аптада қалай жұмыс істейтіндігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аптасына бес күн жұмыс істейтін (білім беретін) білім беру ұйымдары 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері демалады, 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсанға (жексенбі) ауыстырылады», - делінген министрліктің Telegram-арнасында жарияланған ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, аптасына алты күн жұмыс істейтін (білім беретін) білім беру ұйымдары 16, 17 және 18 желтоқсан күндері демалады. 18 желтоқсан күнгі жұмысты 20 желтоқсанға ауыстыру туралы шешімді әрбір білім беру ұйымы ата-аналар комитетімен бірлесіп қабылдай алады.
«Жұма күні көрсетілетін телесабақтар 20 желтоқсанға ауыстырылатындығын ескертеміз», - деп атап өтеді министрліктен.
Еске салсақ, қ азақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалатындығы туралы бұған дейін хабарлаған едік.