1800-ге жуық жұмысшы елорда көшелерін қардан тазалап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше түнде Нұр-Сұлтан қаласынан 25 394 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
None
None

Астанада қар қалың жауғандықтан, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режімде жұмыс істеуде. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше Нұр-Сұлтанда жауған қардың қалыңдығы – 60 см.

21 желтоқсанның түнгі ауысымына 938 техника мен 264 жол жұмысшысы жұмылдырылып, қар тиелген жүк көліктері қала сыртына 2 116 рейс жасады.

Жалпы, осы уақытқа дейін полигонға 79 545 рейс жасалып, елордадан 954 540 текше метр қар шығарылды.

Айта кетсек, бүгінгі күндізгі ауысымға 1142 техника мен 1 799 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Сондай-ақ Алматы қаласында да қалың қар түскен. Кеше түстен кейін бастап жауған қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жетіп, мұндайды сирек көретін оңтүстік астана тұрғындары әбігерге түсті. Бүгін сағат 10.00-дегі көрсеткіш бойынша қар қалыңдығы 33 см болыпты. Алматы қаласын қардан тазартуға 551 техника мен 356 жол жұмысшысы шыққан.

Соңғы жаңалықтар