21:13, 18 Ақпан 2024 | GMT +5
19 ақпан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 19 ақпан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралардың аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
Сағат 10.00-де Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовтың ресми сапары өтеді. Өтетін орны: Қонаев к-сі., 31.
Сағат 11.00-де онлайн көрсетілім форматында «Қорғау» және жол қозғалысының қауіпсіздігі» қосымшасына арналған брифинг өтеді.
Сағат 11.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК-де «Zhas Project» жобасы аясында жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған шағын гранттар туралы үгіт-насихат науқанына арналған брифинг өтеді.