19 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 19 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1969) Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Рахметұлы МҰҚАЕВ дүниеге келді.

Мұрат Рахметұлы МҰҚАЕВ
Фото: Gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Фурманов ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп-экономист мамандығы бойынша бітірген.

1992-1994 жылдары Фурманов ауданы мемлекеттік салық инспекциясының есепке алу инспекторы, 1994-1996 жылдары БҚО «Игілік банк» филиалының жетекші маманы, несилеу және қаражат айналымы бөлімінің жетекші маманы, аға маманы, 1996-1997 жылдары Қазақстан Халық Жинақтаушы банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бухгалтерлік есеп және біріңғай қор шоты бөлімінің бухгалтері, операциялық жұмыс басқармасының заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің менеджері, 1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау басқармасы «Сайхын» кедендік бекетінің инспекторы, 1999-2004 жылдары ҚР кедендік бақылау агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының кедендік төлемдер бөлімінің басшысы, кедендік түсімдер бөлімінің басшысы, басқармасы басшысының орынбасары, департамент басшысының орынбасары, 2004-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Орал-кедендік ресімдеу орталығы» бекеті басшысының міндетін атқарушысы, кедендік бақылау департаментінің «Орал-кедендік ресімдеу орталығы» бекетінің басшысы болды. 2007-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Өскемен-кедендік ресімдеу орталығы» бекеті басшысының міндетін атқарушысы, кедендік бақылау департаментінің «Өскемен-кедендік ресімдеу орталығы» бекетінің басшысы, 2009-2011 жылдары ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Тасқала» кедендік бекетінің басшысы, 2011-2013 жылдары Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2013-2016 жылдары БҚО Жәнібек ауданының әкімі, 2016-2017 жылдары БҚО Теректі ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары БҚО Орал қаласының әкімі, 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары, 2022-2023 жылдары «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылдан бастап атқарып келеді.

52 жыл бұрын (1973) «City Transportation Systems» ЖШС төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі Абат Абайұлы ШЫНЫБЕКОВ дүниеге келді.

Абат Абайұлы ШЫНЫБЕКОВ
Фото: cts.gov.kz

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы Егіндібұлақ совхозында инженер-механик болып бастады. 1995-2000 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2000-2003 жылдары БҚО әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, 2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, 2006-2007 жылдары ҚР БҒМ «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМКК БҚО бойынша филиал директоры, 2007 жылы Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, 2008-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы, 2013-2017 жылдары БҚО Сырым ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары БҚО Казталов ауданының әкімі. 2019-2022 жылдары Орал қаласының әкімі, 2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде — 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап.

45 жыл бұрын (1980) БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Асылбек Әбілхайырұлы ДҮЙСЕНОВ дүниеге келді.

Асылбек Әбілхайырұлы ДҮЙСЕНОВ
Фото: zhaikpress.kz

Ақмола облысы, Зеренді ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2004 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Каратэ жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2023 жылдары құқық қорғау қызметінде әртүрлі лаузымдарда жұмыс атқарды. 2023 жылғы 6 сәуірде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндеттін уақытша атқарды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы қыркүйектен бастап атқарып келеді.

37 жыл бұрын (1988) «CASPI BITUM» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Талғат Дүйсенбиұлы МҰҚАНОВ дүниеге келді.

Талғат Дүйсенбиұлы МҰҚАНОВ
Фото: caspibitum.kz

Балқаш қаласында туған. 2010 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Мұнай және газ институтын (Алматы, Қазақстан) органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 2011-2013 жылдары «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС (Павлодар, Қазақстан) — технологиялық қондырғылардың операторы, 2013-2014 жылдары «CASPI BITUM» БК» ЖШС ELOU-AVT цехының технологиялық қондырғыларының аға операторы, битумды толықтыру және модификациялау цехының аға операторы, 2014-2019 жылдары «CASPI BITUM» БК» ЖШС ELOU-AVT битумын тотықтыру және модификациялау цехының бастығы, 2019-2020 жылдары «CASPI BITUM» БК» ЖШС техникалық бөлімінің бастығы/бас технолог қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде — 2020 жылдың наурыз айынан бастап.

104 жыл бұрын (1921-2011) — Қазақстанның танымал қоғам және мемлекет қайраткері, ұлттық мемлекеттілігімізді орнатуға және оның эволюциялық дамуына негіз қалаушылардың бірі, біртуар ғалым, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салық ЗИМАНОВ дүниеге келген.

 Салық ЗИМАНОВ
Фото: vecher.kz

Атырау қаласында туған. Бүкілодақтық заң институтын бітірген.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944-1945 жылдары дивизион, миномет полкі, артилерия полкі командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған. 1946-1947 жылдары Гурьев облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі, 1947-1948 жылдары Қазақ КСР Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші, 1948-1952 жылдары ҚР Ғылым академиясы құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, 1952-1958 жылдары Алматы мемлекеттік заң институтының директоры, Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы болып қызмет атқарған. 1958-1969 жылдары ҚР Ғылым академиясы Философия және құқық институтының директоры, 1969-1976 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі болған. 1976-1977 жылдары ҚР Ғылым академиясы Төралқасының бас ғылыми-хатшысы, 1992-1994 жылдары ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас ғылыми қызметкері, 1992-1993 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитетінің төрағасы, 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Конституциялық заңнама және адам құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы, 1995-2005 жылдары «Парасат» академиялық университетінің ректоры, 2005-2011 жылдары «Интеллектуал-Парасат» ЖШС президенті қызметін атқарды.

Атырау облысының Құрметті азаматы. Зиманов «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ғалым 2001-2002 жылдары 1-ші және 2-ші томдары жарық көрген 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасаған. «Парасат», екі мәрте 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы ордендерімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар