19 cәуір күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 сәуір күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.
АСТАНА
Сағат 10:00-де ҚР Парламент Сенатының отырысы болады.
Сағат 10:00-де ҚР Әділет министрлігі Халықаралық интеллектуалды меншік ұйымы (WIPO), Репрография құқықтары жөніндегі халықаралық федерациясы (IFFRO) тәуелсіз ұйымы, Орындаушылардың құқықтары жөніндегі ұжымдық басқарманың қоғамдық кеңесі, «Аманат» республикалық қоғамдық ұйымның және Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамымен бірге халықаралық семинар өткізеді. Тақырыбы: «Авторлық құқық: тәжірибе, даму, проблемалары».
Сағат 10:00-де Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» республикалық семинар-тренингі өтеді.
Сағат 10:00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 12:00-де Бас прокуратурада «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қылмыстық-атқару заңнамаларының сақталуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15:00-де Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға арналған ұлттық комиссияның отырысы өтеді.
Сағат 15:00-де Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың төрағалығымен «Астана - адалдық алаңы» атты жобасын іске асыруға арналған жиын өтеді.
Сағат 15:00-де Мәжілісте нұротандық депутаттардың қатысуымен жеке тұлғалардың банкрот мәселесіне қатысты сұрақтары қаралады.
Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру - мемлекеттік басқарудың тиімділігі» атты баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейі «Еркіндік» қорымен бірлесіп Қазақстанның халық суретшісі Еркін Мергеновтың «Еркін Мергенов. Уақытты сезу» атты көрмесінің ашылуы болады.
Сағат 16:00-де «Астана Опера» театрында «Біржан-Сара» қойылымының премьерасына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 16:15-те Астана қаласындағы көші-қон қызметі орталығына Астана қаласының әкімі барады.
Сағат 16:20-да Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасы ақылы автотұрақтар қызметі туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10:00-де «Атакент» орталығында «Жылыжайлар: Көкөніс өсіру. Суармалы шаруашылық» және «Алматы гүлдері-2018» халықаралық көрмесі өтеді.
Сағат 15:00-де «Атамекен» ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаевтың, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен кәсіпкерлерге арналған конференция өтеді.
Сағат 15:00-де Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде «Ғылым мен өнер коды» атты республикалық байқаудың ашылуы болады.
Сағат 16:00-де ҚР туризм саласының дамуына арналған республикалық жиын өтеді.
Сағат 20:00-де Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Саяқбай» киносының жабық көрсетілімі өтеді.
КӨКШЕТАУ
Сағат 11:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен 2018 жылдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық, оны ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мәселелері талқыланған агрокеңес өтеді.
ОҚО
Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 10:30-да Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Е.Әлсейітов, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департамент директоры Д.Исаков және Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығының директоры Б.Басымбек баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда спикерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атқарған жұмыстары және трансформацияның әрі қарай жалғасуы ретінде үш департаменттің бірігуі туралы мемлекеттік корпорацияның өткізетін алғашқы ауқымды іс-шарасы бойынша айтатын болады.
Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков ауданның өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта Елбасы Жолдаулары аясында атқаратын жоспарлары бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.
ТАЛДЫҚОРҒАН
Сағат 11.00-де облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен «Жастар» Спорт сарайында қазақша күрестен «Жетісу бөрісі» облыс әкімі туринирінің салтанатты ашылуы өтеді.