19 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 19 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

19 қараша. БЕЙСЕНБІ

Халықаралық ерлер күні

Алғаш рет Ерлер күнін 1999 жылы Тринидад пен Тобаго Республикасының тұрғындары атап өтті. Содан бастап ЮНЕСКО-дан қолдау тауып, бұл күнді атап өтуге өзге елдер де қосыла бастады.

Монако Княздігінің Ұлттық мейрамы - Ұлт күні. Монако - Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Монако қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - еуро. Монако 4 қала-округтен: Монако-Виль, Ля Кондамин, Монте-Карло және Фонтвьелльден құралады.

Ресей зымыран әскерлері мен артиллерия күні. 1942 жылғы 19 қарашада Қызыл Армияның қарсы шабуылға шығуын қамтамасыз еткен, Сталинград түбінде гитлершілерді талқандаудағы артиллерия жетістіктерінің құрметіне аталып өтеді.

Ресей әйнек өнеркәсібі қызметкерінің күні. Глазурьдің, әйнектің, фарфордың химиялық өндірісін ойлап шығарған Михаил Ломоносовтың туған күнінде атап өтіледі.

Украина гидрометеорологиялық сала қызметкерлерінің күні. Украина Президентінің 2003 жылғы 11 наурыздағы Жарлығымен бекітілген.

Дүниежүзілік философия күні

ЮНЕСКО регламенті бойынша 2002 жылғы қарашаның үшінші бейсенбісінен бастап атап өтіледі. Атап өту идеясы жаһандық әлеуметтік-мәдени қайта құруларды талқылау, адамдарды философиялық мұраға біріктіру, жаңа идеяларды күнделікті ойлау жүйесіне енгізу және ойшылдармен азаматтық қоғамның бүгінде қоғам алдында тұрған сын-қатерлері бойынша жария пікірталастарын ынталандырудың ортақ платформасын табуды қамтыды.

Әйелдер кәсіпкерлігі күні

2014 жылдан бастап жыл сайын мерекеленуде. Америкалық жазушы, үй жануарларын күту саласындағы бірқатар компаниялардың иегері Венди Даймонд негізін қалаған. Гондурасқа барған сапарында ол Adelante ұйымында ерікті болды. Жалақысы төмен әйелдерге шағын кредит ұсынды. АҚШ-қа оралғаннан кейін ол түрлі филантропикалық шараларды жылжытуға көмектесе алатын бірдеңе құру қажет деп шешті. Осылайша Әйелдер кәсіпкерлігі күнін мерекелеу идеясы туды.

Бұл халықаралық мереке алғаш рет Нью-Йоркте БҰҰ бастамасымен өтті. қосымша шаралар әлемнің 144 елінде ұйымдастырылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

45 жыл бұрын (1970) Жамбыл облыстық мұражайына Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының мүсіні табысталды. Ол кеңес мүсіншісі Евгений Вучетичтің еңбегі.

11 жыл бұрын (2004) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында композитор, КСРО халық әртісі, профессор Еркеғали Рахмадиевтың «Абылай хан» операсының премьерасы болып өтті. Спектакльде театрдың белді жеке орындаушылары - Гүлзат Дәуірбаева, Балапан Жұбаева, Дина Хамзина, Бақытжан Сқақов, Шахимардан Әбілов, Талғат Күзембаев, т.б. ойнады. Хореографиялық көріністерді ҚР халық әртісі Гүлжан Түктібаева қойған, дирижерлері - Нұрлан Жарасов пен ҚР халық әртісі Базарғали Жаманбаев.

11 жыл бұрын (2004) Лондондағы Жаратылыстану тарихы мұражайында «Студенттер бизнеспен кездеседі» арнайы тақырыптық кездесуі өтті. Ұйымдастырушы - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қатысуымен және қолдауымен Британдық-Қазақстандық қоғам (БҚҚ). Пікірсайыстарға британдық ЖОО-да оқитын жүзге жуық қазақстандық студенттер мен бірқатар Қазақстанда жұмыс істейтін британдық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ BG Group, FMC (Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инжинирингтік компания) компанияларының, Рединг университетінің өкілдері қатысты. Жаһандық энергетикалық нарықты ұзақ мерзімді келешекке дейін дамыту, энергияның баламалы көздерін іздестіру, жаһандану үдерісінің мәселелері мен оның халықаралық қарым-қатынастарға әсері жайындағы мәселелер талқыланды.

9 жыл бұрын (2006) 19-21 қарашада Кувейтте жоғары білім мәселелеріне арналған Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) жанындағы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) 3-інші сессиясы өтті. Оған 56 мұсылман мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Жиналыс мақсаты - оларды әлемдегі неғұрлым атақты ЖОО тізіміне енгізу мақсатымен ИКҰ-ға мүше елдердің үздік 20 университетін анықтау. ИСЕСКО-ның Бас хатшысы Абдель Азиз аль-Туэйгри қазақстандық тараптың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы қатарлы университеттері қатарына қосу туралы ұсынысын қолдады.

8 жыл бұрын (2007) Атырау-Ақтау автожолында Қарабатан-Доссор тарауындағы қозғалыс ашылды.

Бұл автокөлік жолы халықаралық транзиттік дәліз болып табылады.

7 жыл бұрын (2008) Астанада «Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестік сұхбат» атты I халықаралық форум болып өтті. Мәжіліске мемлекеттік органдар, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумда бизнес саласына маман дайындау және жұмыс беруші құрылымдардың қатысуымен ұлттық біліктілік жүйесін дамыту проблемалары талқыланды.

5 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстікатлантикалық кеңестің Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің шақыруымен НАТО саммитіне қатысу үшін Лиссабонға келді.

5 жыл бұрын (2010) Немат Келімбетовтің неміс тіліне аударылған "Үміт үзгім келмейді" атты романы Еуропаның Франц Кафка қоғамының марапатына ие болды. Туынды қытай және түрік тілдеріне аударылды.

4 жыл бұрын (2011) «Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қоры Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің көмегімен қоғамда әйелдердің рөлін арттыруға жәрдемдесу жөніндегі шағын гранттар бағдарламасы бойынша 2011 жылғы қазан айынан бастап «Әйелдердің саяси құқықтары (сайлау құқықтары бойынша оқыту және т.б.)» жобасын іске асыра бастады.

3 жыл бұрын (2012) Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылды.

3 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысының жарлығымен құрылған Қазақстанның Орталық коммуникация қызметінің (ОКҚ) бірінші брифингі өтті.

3 жыл бұрын (2012) Норвегия астанасы - Осло қаласында Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 20 жыл толуына орай жиын өтті.

Бір жыл бұрын (2014) Мадридте ГУЛАГ испандықтар жүйесінің оагерінде жазасын өтеушілер туралы Olvidados de Karaganda» деректі фильмі көрсетілді.

Бұл фильм Испания үкіметінің Төрағасы Мариано Рахойдың Қазақстанға ресми сапарының жалғасы болып табылады, онда Қазақстан Президенті Н. назарбаев испандық үкімет басшысына Қарғандыда Спасск лагерінде болған 152 испандықтың деректері бар мұрағат материалдарын берді. Осы материалдардың негізінде Қазақстан сыртқы істер министрлігінің қаржыландыруымен дайындалды, ол лагерде 14-і қаза тапқан 152 испандықтың тағдыры туралы айтылады.

Бір жыл бұрын (2014) Астанада WhatsApp - iTys қазақстандық аналогы таныстырылды. Бұл қазақстандық әзірлеушілер алғаш рет жасаған хабарламамен жылдам алмасуға арналған арнайы мобильдік қосымша.

Жоба қазақ тілін дерек алмасудың әлемдік үрдістеріне белсенді тарту және бейімдеуге бағытталды. Бұл мессенджер күллі әлем бойынша Интернет пайдалнушы барлық қазақстандықтарды біріктіруге негізделген.

74 жыл бұрын (1941) кеңес әскери қызметкері, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов қаза тапты. 1942 жылы Панфиловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1939-2004) тоғыз құмалақтан спорт шебері, республикалық біріншіліктің чемпионы АЙТМАҒАНБЕТОВ Әбдібек дүниеге келді.

Қостанай облысы Жангелді ауданында туған.

«Қайрат» спорт қоғамының төрағасы қызметін атқарған.

Тоғызқұмалақтан Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасында өткен жарыста үшінші орынды иеленген. Бауыржан Момышұлы құрметіне тоғызқұмалақтан өткен республикалық біріншілікте бас жүлдені жеңіп алған.

Қостанай облысында спорт және дене шынықтыруды дамытуда зор үлес қосқан.

6 5 жыл бұрын (1950) қазақстандық суретші, мультипликациялық, көркем фильмдердің қоюшы суретшісі МАМБЕКОВА Раушан Бағдатқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемөнер факультетін бітірген (1978), суретші-график. Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика, кітаптарды көркемдеу. Жұмыстары Польша, Франция,Түркия, АҚШ, Германия, Голландия, Үндістан және басқа елдердегі жеке коллекцияларында сақталуда. Қазақстанның жеке меншік галереяларында көрмелерін өткізген. Жастардың, республикалық, бүкілодақтық, жеке көрмелерінің, Париж (1990, 1999, 2008), Клермон-Ферран (1991), Ренн (1996), Алматы (1995, 2000, 2002, 2006), Лезиньян (1995), Ташкент (2005), Фонтенбло (2008) қалаларындағы, сонымен қатар Нью-Йорк қаласындағы Халықаралық «Мәдениет, өнер, бизнөс» көрмесінің (1993) қатысушысы. Лезиньян қаласындағы Халықаралық көрме-байқаудың алтын медалімен марапатталған (Франция, 1995). КСРО Суретшілер одағының (1979 жылдан), ҚР Суретшілер одағының (1991 жылдан) мүшесі.

5 9 жыл бұрын (1956) ҚР-ның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі ЕРТІСБАЕВ Ермұхамет Қабидинұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген. Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. 1990-94 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.1994-98 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.1994-98 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 1998-2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006-08 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы сәуірден бері.

«Құрмет», «Парасат»» және ІІІ дәрежелі «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина) ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1962) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты МЫҢБАЕВ Сауат Мұхаметбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандағы бойынша тәмамдады.1995-1998 жылдары жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-министр қызметтерін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2001 - 2002 жж. аралығында «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ президенті қызметін атқарды. 2002 -2003 жж. - «Каспий Өнеркәсіп - Қаржылық тобы» ЖШС-ның бас директоры. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004ж. желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2006 - 2007 жж. - «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы. 2007-2010 жылдары - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. 2010-2013 жылдары - ҚР мұнай және газ министрі.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы шілдеден бері.

ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1962) Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі - министр АЛДАБЕРГЕНОВ Нұрлан Шәдібекұлы дүниеге келді.

Алматы сәулет-құрылыс институтын, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын, Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылдан бері. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

6 7 жыл бұрын (1948) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық «Хэсэд Полина» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы БАРОН Александр Иосифович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, балалар-дәрігері.

1972-1992 жылдары - теміржол ауруханасында балалар дәрігері, анестезиолог-реаниматолог, инемен емдеу терапевті. 1992 жылдан - ҚР еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығының төрағасы. 1994-1996 жылдары - ТМД және Ресей еврей ұйымдары мен қауымдастықтары федерациясының тең төрағасы. 1996 жылдан - «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы сәуірден бері.

4 8 жыл бұрын (1967) ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің төрағасы БАЕДІЛОВ Қанат Ескендірұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Кеген селосында туған. Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Алматы халық шаруашылығы институты (1991); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2003); экономист.

Экономика ғылымдарының кандидаты Еңбек өтілі: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, Салық және сақтандыру органдарының қаржы-несиелік мекемелерін тексеру басқармасының бөлім бастығы (11.1991-08.1994); Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетінің Қаржы-несиелік органдарды тексеру және валюталық бақылау бөлімінің бастығы (08.1994-02.1996); Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қатысты Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Басқарма бастығының орынбасары (02.1996-09.1998); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Білім, ғылым, мәдениет ұйымдарын және басқару органдарын тексеру бөлімінің бастығы (10.1998-02.1999); Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (02.1999-04.2002); Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (04.2002-07.2003); Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы (08.2003-05.2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары (05.2008-04.2009) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қаласы бойынша салық департаментінің басшысы (04.2009-07.2014)

12 7 жыл бұрын (1888-1942) шахматтан әлем чемпионы КАПАБЛАНКА Хосе Рауль дүниеге келді.

Ол өз өмірінде ресми түрде 583 партия ойнап, оның 302-ін ұтып, 35-інде ұтылған, ал 246 партияны тең аяқтаған. Оның енгізген теориялық жаңалықтары мен ойын этюдтары осы күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

9 8 жыл бұрын (1917-1984) үнді мемлекеттік және саяси қайраткері, 1966-1977 және 1980-1984 жылдардағы Үндістан премьер-министрі ГАНДИ Индира дүниеге келді.

9 4 жыл бұрын (1921-1998) кеңестік және ресейлік киносценарист, драмтатург, жазушы, РСФСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Эмиль БРАГИНСКИЙ дүниеге келді.

9 3 жыл бұрын (1922-1999) кеңестік лингвист, майя жазуларының құпиясын ашқан КНОРОЗОВ Юрий Валентинович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар