19 қараша. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 18 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

26 мамыр. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

77 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасындағы «Мицва» еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Александр Иосифович БАРОН дүниеге келді.

Александр Иосифович БАРОН
Фото: vecher.kz

Алматы қаласында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «педиатр-дәрігер» мамандығы бойыншы бітірді.

Еңбек жолын 1972 жылы теміржол ауруханасында педиатр-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, ине терапевті болып бастаған. 1992 жылдан бері «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті. 2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы басшысының орынбасары, «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлесітігі кеңесінің төрағасы.

«Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапатталған.

69 жыл бұрын (1956) «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасы Ермұхамед Қабиденұлы ЕРТІСБАЕВ дүниеге келді.

Ермұхамед Қабиденұлы ЕРТІСБАЕВ
Фото: time.kz

Қарағанды қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған педагогикалық институтында ассистент болып бастады.

Әр жылдары ҚР комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, кафедра меңгерушісі, ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР Президент Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі, ҚР Грузия мен Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы тұрақты Өкілі болып жұмыс істеді.

Бірнеше кітаптар мен монографиялардың, соның ішінде «Қазіргі Қазақстандағы сайланбалы демократияның генезисі: мәселелері мен болашағы 1990-2000», «Қазақстандағы демократияландыру: 1990-2000 жылдар», «Қазақстан мен Назарбаев: өзгерістер логикасы», сондай-ақ 700-ден астам ғылыми, қоғамдық-саяси және өзге де жарияланымдардың авторы.

58 жыл бұрын (1967) Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Ескендірұлы БАЕДІЛОВ дүниеге келді.

Қанат Ескендірұлы БАЕДІЛОВ
Фото: primeminister.kz

Алматы облысында туған. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1991-1994 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры, мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Салық және сақтандыру органдары қаржы-кредит мекемелерінің ревизия бөлімінің бастығы, 1994-1996 жылдары ҚР Қаржы бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша қаржы-кредит органдары мен валюталық бақылау ревизиялары бөлімінің бастығы, 1996-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, 1998-1999 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті білім, ғылым, мәдениет және басқару органдарының ревизиялар бөлімінің бастығы, 1999-2002 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, 2002-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша қаржы комитетінің төрағасы, 2003-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, 2008-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2009-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, 2017-2021 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

41 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Сыртқы істеер министрлігінің Құжат айналымы департаментінің директоры Нұржан Сәкенұлы МҰХИТДИНОВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық сауда және өнеркәсіп колледжін және ҚР Президенті жанындағы Астана мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: маман (2005), жетекші маман, бас талдаушы, бас бухгалтер, бөлім меңгерушісі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар