19 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 19 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

іс-шаралар
Фото: Kazinform

10.00-де Сенат Төрағасының өкіміне сәйкес Палатаның отырысы өткізіледі. Күн тәртібіне ҚР Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы ұсынылады.

10.00-де Оқушылар сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тіл тағдыры-ел тағдыры» жобасы аясында «Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік сайысының финалы өтеді.

10.00-де Асқар Забикулин атындағы №6-мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінде Асқар Забикулинге арналған ескерткіштің ашылуы өтеді.

10.00-де ЖСДП астаналық филиалының өкілдері «Экологиялық кодекс жобасын» таныстыру мақсатында брифинг өткізеді.

10.30-да Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ЕҰУ-дағы кафедрасының 10 жылдығы аясында «Шаңырақ» ҚХА кафедралары, орталықтары, колледждері мен өкілдіктері қауымдастығының І форумының пленарлық сессиясы өтеді.

11.00-де С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеті «Аграрлық ғылым – ауыл шаруашылығы өндірісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

11.00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында KazAgro/KazFarm-2023 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі ашылады.

11.00-де «Qazpatent» ғимаратында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

11.00-де ҚР Ұлттық архивінің конференц-залында Республика күніне арналған «Егемендік Декларациясы: Тәуелсіздік. Мемлекеттілік. Ұлттық жаңғыру» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.

12.00 -де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «19 қазан - Құтқарушылар күні» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әділет органдарын цифрландыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Әділет вице-министрі Молдабеков Бекболат Серікұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-

ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де Оқушылар сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық

керуені» атты республикалық форумы өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ғажапқа толы әуен» халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар