19 қазан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде жаһандық инвестициялар бойынша дәстүрлі «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2022) «дөңгелек үстелі» өтеді.

10.00-де Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы басталады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 19 қазан - Құтқарушылар күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер:

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Парламент Мәжілісінде «ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылады.

15.00-де Достық үйінің конференц-залында Республика күніне орай «25 қазан – Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.


Соңғы жаңалықтар