19 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 19 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
51 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары Людмила ВитальевнаБЮРАБЕКОВА дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын (1997), Қазақстан фармацевтикалық институтын (2004), Халықаралық бизнес академиясын бітірген, іскерлік әкімшілік магистрі (2014).
Еңбек жолы: Қарағанды облыстық қан құю станциясында медбике (1990-1991); Қарағанды мемлекеттік медицина институтының клиникалық ординаторы, Қарағанды қаласы Х.Ж. Мақажанова атындағы көпсалалы клиникалық ауруханасының клиникалық фармакологы. Профессоры (2004-2006); Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (2006-2007); Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық даму және дәрі-дәрмек саясаты жөніндегі орынбасары (2007-2009); Фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың сапасы мен қолданылуын бақылау басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2009-2010); Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас менеджері, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (2011-2013); Республикалық санитарлық авиация орталығының оқу-клиникалық бөлімінің бастығы (2013-2014); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ вице-президенті (02.2014-12.2014); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару бөлімінің бас инспекторы (2014-2015); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары» (2015-2017); Фармация комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік фармацевтикалық инспектор; Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (2017-2020).
2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1975) Қазақстанның Сиань қаласындағы бас консулы Жошыхан Асылбекұлы ҚЫРАУБАЕВ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1998), Көкшетау университетін шығыстанушы-филолог, қытай тілі мұғалімі, аудармашы-референт, заңгер мамандығы бойынша бітірген (2003), тарих ғылымдарының кандидаты (2010).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің жетекші маманы, көмекшісі, атташесі (1998-2000); атташе, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы (2000-2023); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі виза қызметінің үшінші хатшысы, Қытай, Үрімжі (2003); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің үшінші хатшысы (2003-2004); Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің вице-консул, бірінші хатшысы – консул, кеңесші – консулы (2004-2009); Қазақстан Республикасының Гонконг ОАР және Макао ОАР-дағы Бас консулы, Қытай Халық Республикасы (2009-2010); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаменті директорының орынбасары (2010-2012); Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (2015-2020); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары (2020-2021); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты аймағы департаментінің директоры (2021-2023 жж.).
2023 жылдың наурыз айынан бастап Қытайдың Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.
40 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Көбентайұлы ДАРБАЕВ дүниеге келді.
Ақмола облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында бастаған.
Түрлі жылдары «Бәсекелі саясатты дамыту және қорғау орталығында», Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқармада бәсекелестікті қорғау бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау департаментінің директорының орынбасары болды.
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау басқармасын басқарды. 2015-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасының орынбасары.
2017-2019 жылдары ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.
36 жыл бұрын (1988) Риддер қаласының әкімі Думан Есдәулетұлы РАХМЕТҚАЛИЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Прага халықаралық университетін (2011) және Қазақстан-Америка еркін университетін (2016) бітірген.
Еңбек жолы: «Теплоэнергоснаб» ЖШС экономисі (2011); «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС бас маманы (2013); «Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету бөлімі» КММ инспекторы (2014 ж.); бағдарламашы, инвесторларға қызмет көрсету орталығының бас менеджері, активтерді басқару департаментінің директоры, «Ертіс» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2014-2019); Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы (02.2020-04.2023); Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі (2023-2024).
2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
119 жыл бұрын (1905-1983) ақын, жазушы Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ташкент политехникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген.
«Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған.
1928 жылдан бастап өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары жеке кітап болып басылып шықты.
Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті.
«Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі», «Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица», «Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғы түнде», «Рейн жағасында» поэмаларының, «Біздің Сәуле», «Қош аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» тағы басқа әнге арналған өлеңдерінің, Ыбырай Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісінің қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» (О.Бодықовпен бірге), «Қарбаласта» повестері мен романдарының, «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы.
«Екі заң», «Сайлау», «Алдар Көсе», «Бір семья» атты пьесалары бар. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды.
Қазан төңкерісі, І дәрежелі Отан соғысы, үш рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.