19 қыркүйек. Жылнама

Kazinform оқырман назарына 19 қыркүйекке арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

АТАУЛЫ КҮНДЕР

«Смайликтің» туған күні

1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінде «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды. Қазір смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл күйін байқауға көмектеседі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1957 жылы Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтер ашылды. ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясының Жетісу отряды Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Максимованың басшылығымен Алматы облысының Жамбыл ауданында Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтер ашылды. Тамғалы петроглифтері кейіннен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

1994 жылы Қазақстандық интернеттің туған күні. Жоғары деңгейдегі kz. Казинформтелеком ұлттық домені іске қосылды.

1995 жылы Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келісімге сәйкес және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден одағын қалыптастырудың бірінші кезеңін аяқтау туралы уағдаластықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекарадағы кедендік бақылауды жою туралы» Жарлығы жарияланды.

1995 жылы Пәкістанда урду тілінде Абайдың «Таңдамалы өлеңдері» кітабының аудармасы жарық көрді.

2005 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры, дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген. «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін айқас» «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» повестері мен әңгімелерінің авторы. Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, І дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.

2006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды. Оны шығарған Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.

2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Николя Саркозидің Елисей сарайында өткен кездесулерінің қорытындылары бойынша бірлескен декларация қабылданды.Декларацияда БҰҰ-ның орталық рөлін сақтай отырып жаһандық басқаруды жақсарту, Ауғанстанды қалпына келтіру, Ливия халқын қолдау үшін халықаралық қауымдастықты кеңінен жұмылдыру, т.б. өзекті мәселелер қарастырылған.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Caspionet ұлттық спутниктік арнасы Galaxy 19 спутнигінің DTH платформасы арқылы Солтүстік Америка аумағына ашық түрде хабар таратуды бастады. Caspionet каналының бағдарламалары 28 елдің көрермендеріне қол жетімді болды: АҚШ, Канада, Мексика, Куба, Доминикан Республикасы, Антигуа және Барбуда, Багам, Барбадос, Белиз, Гаити, Гватемала, Гондурас, Доминика, Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Ямайка.

2012 жылы Қазақстан алғаш рет Францияның Канны қаласында жыл сайын өтетін Cannes Corporate Media & TV Awards халықаралық деректі фильмдер фестиваліне қатысты.

Фестиваль байқауына 2011 жылы жарыққа шыққан «Киелі Мекен» деректі фильмін (орысша нұсқасында «Достояние Республики») жасаушылар шақырылды

2014 жылы Лондонда Роберт Уайттың «Жоғалған хандар мен бос далалар. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейін» атты кітабы жарыұ көрді.

Кітаптың авторы Алматы қаласындағы банк секторында үш жылдан астам уақыт жұмыс істеп, осы уақыт ішінде ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге көп көңіл бөлген. Лондонға оралғаннан кейін Р.Уайт Британдық аудиторияны Орта Азиядағы ең маңызды елдің әсерлі тарихымен таныстыруды жөн деп тапқан.

2014 жылы Алматы облысындағы жеті сақ-скиф қорғаны ескерткіш мәртебесіне ие болды. Шараның басты мақсаты – ежелгі қорғандарды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері ретінде заңдастыру және қоғамның назарын оларды сақтау мәселесіне аудару.

2014 жылы Павлодарда белгілі қазақ жазушысы, публицист, ақын, Алашорда көшбасшыларының бірі, 1931 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылған Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды.

2015 жылы Қарағанды қаласында Жұлдыздар аллеясында Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Мақпал Жүнісованың құрметіне атаулы белгі ашылды.

Жұлдызды аллея – бұл өнер саласындағы жетістіктерге арналған қоғамдық ескерткіш, онда Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан әртістердің есімдері жазылған. Бұл көрнекті мәдениет қайраткерлерінің еңбегін мойындау, мәдени мұраны насихаттау, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.

2017 жылы Қазақстан БҰҰ-ның жыныстық зорлық-зомбылықты жою жөніндегі міндеттемесі туралы құжатына қосылды.

Бұл құжат зорлық құрбандарына көмек көрсетуді, БҰҰ миссияларына жіберілетін қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуді, жыныстық эксплуатация және зорлық-зомбылық әрекеттерін жасайтын адамдарға қарсы шаралар қабылдауды қамтиды.

2018 жылы Астанадағы паралимпиадалық жаттығу орталығында арбамен қозғалатын адамдарға арналған «Өз-өзіне қызмет көрсету Инвасервисі» бірегей бұрышы орнатылды. Ол мүгедектерге арбаларының дөңгелектерін өз бетінше тазалауға мүмкіндік береді. Құрылғының авторы арбамен билеуден ҚР құрамасының мүшесі Ардақ Оторбаев.

«Өз-өзіне қызмет көрсету Инвасервисінде» қолданылатын жабдықтың әлемде баламасы жоқ. Бұл мүгедектер арбасында қозғалатын адамдардың өмірлік белсенділігін талдау және қажеттіліктер негізінде ойлап табылған алғашқы отандық жабдық.

2018 жылы Астанада кәсіпкерлерге арналған алғашқы фулфилмент-орталық ашылды, онда интернет-дүкеннің иесі тауарды өлшеп көру мен өңдеуден бастап, буып-түюге, сақтауға және оны клиенттерге жөнелтуге дейінгі қызметтердің толық циклін ала алады.

2018 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Гои бейбітшілік қоры (Жапония) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Гои бейбітшілік қоры БҰҰ жанындағы үкіметтік емес ұйым мәртебесіне ие және біздің ортақ дауысымызды әлемдік қауымдастық естиді деп үміттенеміз. Біздің Қор сіздермен ғылым, мәдениет, жас таланттарды қолдау, сараптамалық дөңгелек үстелдер ұйымдастыру саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының директоры Дариға Назарбаева Гои бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджимен кездесуде.

2019 жылы Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

«Спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың есімінің берілуі мені қуантады. Ол спортта аты аңызға айналған тұлға ғана емес, еңбектің шыңына шыққан қайраткер. Әрбір қазақстандық осындай болуы керек. Келесі жылдан бастап Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол турнир жыл сайын балалар мен жастар арасында өткізіледі», - деді Даниал Ахметов.

2019 жылы Қазақстанда қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған Цифрлық комиссарлар тобы құрылды.

Цифрлық комиссарлар тәуелсіз бақылаушы ретінде мемлекеттік органдардың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалары мен бастамаларына қоғамдық негізде мониторинг жүргізеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен ХҚО жұмысы бойынша қызметті алушы-азамат тұрғысынан ескертулер мен ұсыныстар береді.

2019 жылы ТМД аумағында алғаш рет елордада PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды. Көрмеге 250-ден астам туристік компаниясы қатысты. Көрменің ресми ашылу рәсімі барысында Азия мен Тынық мұхиты аймағының мүмкіндіктері мен жаңа ұсыныстары көрсетілді.

2020 жылы Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған алғашқы «Дарын» спорт кешені ашылды.

Мұнда барлық жағдай жасалған: жаттығу залы, емдеу-массаж кабинеті, жекпе-жек пен фитнес-зал бар. Сонымен қатар, EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған, сондай-ақ компьютерлік сауат оқытылады. Жаңа мекеме мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулыығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың бейімделуі мен оңалтуды қамтамасыз етуге көмектеседі.

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін жұмыс сапармен Нью-Йорк қаласына барды. Мемлекет басшысы жаһандық қаржы институттары, трансұлттық компания мен сарапшы өкілдермен бірқатар кездесу өткізді.

В 2022 году Президент Касым-Жомарт Токаев посетил с рабочим визитом Нью-Йорк для участия в 77-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН. Глава государства провел ряд встреч с руководителями глобальных финансовых институтов, транснациональных компаний, представителями экспертных кругов.

2002 жылы Қазақстанда адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы құрылды және өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға уәкілеттік берілді.

2022 жылы Қазақстанда үш жаңа саяси партия құрылды: «Халық дербестігі», «Намыс» және «Байтақ».

2023 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Парламент спикерлерінің I кездесуіне қатысты. Шарада Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері сөз сөйледі.

Палата төрағасы Ерлан Қошанов Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы Ким Чжин-Пхеге саммитті ұйымдастыру бастамасы үшін алғысын білдірді. Ол Орталық Азия елдерімен жан-жақты өзара іс-қимылды арттыру және аймақтың әлеуетін нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Қожаберген жыраудың шағын Отанында қолбасшы, ақын, мемлекет қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Қожаберген жыраудың 360 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қожаберген жыраудың жерленген жеріне оның шығармашылығының жанкүйерлері, осы айтулы тұлғаны зерттейтін тарихшылар, ғалымдар жиналды. Петропавлда Қожаберген жыраудың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Сондай-ақ облыс орталығында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атты ғылыми-тәжірибелік конференция облыс орталығында өтті.

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ақан сері ауылында қазақ халқының ұлы ақыны, сазгері, әншісі Ақан серінің 180 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ақан сері ауылына жүздеген қазақстандықтар мен еліміздің әр өңірінен қонақтар келіп, оларды мерейтойлық іс-шараның салтанатты ашылуы мен шығармалары халыққа шынайы мұраға айналған ақынның құрметіне арналған мерекелік концерт күтіп тұрды. Сахна төрінен ұлы ақынның жүрекжарды лирикалық мотивтерімен, терең мағыналылығымен ерекшеленетін барша жұртшылықтың сүйікті шығармалары тыңдалды. Бұл – әлемге әйгілі «Сырымбет», «Мақпал», «Қарамар»,«Перизат» және т.б.

Соңғы жаңалықтар