05:01, 19 Қыркүйек 2015 | GMT +5
19 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.