19 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА
9:00-де Hilton Garden Inn қонақ үйінде қазақстандық шикізаттық емес экспортты қолдауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Сауда және интеграция министрлігінің, Халықаралық сауда орталығының, Еуропалық Одақтың және «QazTrade» АҚ операторының өкілдері қатысады.
11:00-де онлайн-көрсетілім форматында Ішкі істер министрлігінің «Қасақана жалған терроризм актісін алдын алу туралы» брифингі өтеді. Спикер: ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.
11:00-де Астана қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Өмірінді сақта» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіледі.
19:00-де Жастар театрында «Есіңе мені алғайсың» музыкалық-поэтикалық кеші өтеді.