19 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де Кәсіподақтар үйінде Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің ІІІ отырысы өтеді.

Оған ОАЕКК мүше мемлекеттер – Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстанның ұлттық кәсіподақ орталықтарының кәсіподақ көшбасшылары, сондай-ақ, Әзербайжан, Түрікменстан және Түркияның кәсіподақ өкілдері қатысады.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ.ТІЛ» OPENAIR фестивалі ұйымдастырылады.

11.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында ҚР VI паралимпиада ойындары: парапауэрлифтингтен жарыс өтеді.

11.00-де «Қазақконцерт» залында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған дөңгелек үстел өтеді, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, мәдениет басқармасының өкілдері келеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Арсен Меңдіғазиев - «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмекті қаржыландыру және көлемі» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев; «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Сәбит Ахметов.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

14.00-де «ЕРДО» АҚ алаңында БАҚ өкілдері үшін семинар өтеді. Семинарда ҚР Әлеуметтік кодексінің негізгі новеллалары мен Отбасының цифрлық картасы талқыланып, әзірленген әлеуметтік әл-ауқатты айқындау әдістемесіне түсініктеме беріледі.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның жаңа картасы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тұрысов Әсет Нұрланұлы; ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті төрағасы Бекмұқашев Қажымұқан Ахматдинұлы; ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төраға орынбасары Әшімов Мирас Қашенұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

19.00-де «Қазақконцерт» залында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған гала-концерт өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Хат» драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы сахналанады.

19.00-де Жастар театрында «Мінсіз бейтаныс жандар» қойылымы өтеді.


Соңғы жаңалықтар