19 наурыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 19 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь
Фото: Kazinform

62 жыл бұрын (1964) Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятқызы ИМЯТОВА дүниеге келді.

Павлодар облысының Краснокутск (Ақтоғай) ауданының Краснокутск (Ақтоғай) ауылында туған. 1987 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Физика және математика» мамандығы, 2013 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1986-1993 жылдары Краснокутск ауданы орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі, 1987-1993 жылдары Краснокутск ауданы Жданов орта мектебінде физика мұғалімі, 1993-1995 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында кадр және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы, 1995-1996 жылдары Ақтоғай аудандық ІІБ паспорт үстелінің паспортшысы, 1996-2003 жылдары Павлодар облысының ІІБ қызмет етті. 2003-2004 жылдары Павлодар қаласы сауда-өнеркәсіп палатасының бағалау және сараптау департаменті директорының орынбасары, 2004-2005 жылдары Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы.

 2005-2007 жылдары Павлодар қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2013 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, 2013-2015 жылдары Астана қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы, 2015-2017 жылдары Астана қаласы Әділет департаменті Есіл аудандық әділет басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазіргі лауазымын 2020 жылдың мамырынан бастап атқарып жатыр.

57 жыл бұрын (1969) «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Болатханқызы ШАЯХМЕТОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1993 жылы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің экономика және құқық факультетін экономист мамандығы бойынша, 1996 жылы Rutgers university (АҚШ, Нью-Джерси қ.,), МВА дәрежесімен бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін меңгерген.

Еңбек жолы: 1993 жылдан ҚР Ұлттық банкінің маманы, 1997-1998 жылдары АBN AMRO BANK құрылымдық қаржыландыру бөлімінің маманы, 1998-2000 жылдары АBN AMRO Asset management басқарма төрағасы, 2000-2001 жылдары АBN AMRO BANK басқарма төрағасының орынбасары, 2004-2009 жылдары «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2009 жылдан бері «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы қызметінде. 2023 жылы қайта сайланды.

54 жыл бұрын (1973) «Жаңарту» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Қуанышбек Тынышбекұлы ЖҰМАНОВ дүниеге келді.

1992 жылы Алматыдағы шет тілдері педагогикалық институтын, 1996 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетін, 1994 жылы Альберт Людвиг атындағы Фрайбург университетінің халықаралық қатынастар магистратурасын (Фрайбург, Баден-Вюртемберг, Германия) бітірген. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты;Альберт Людвиг атындағы Фрайбург университетінде (Фрайбург, Германия Федеративтік Республикасы) магистр дәрежесін алған (2003); Дюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) білім алды.

Еңбек жолы: 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық-құқықтық департаментінің атташесі болды, сол жылы атташе, Елшінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісінің хаттамасы. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің саяси тобы, 2005-2006 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестермен және комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің аға сарапшысы, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, 2008 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, 2009-2011 жылдары баспасөз қызметінің басшысы - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл, ақпарат және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы болып қызмет атқарған.

2011 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасының басшысы, 2011-2012 жылдары ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының аға кеңесшісі, 2013-2016 жылдары «Транстелеком» АҚ президентінің кеңесшісі болды.

Қазіргі қызметін 2016 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.

50 жыл бұрын (1976) Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, ХXVІІ Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Қабыланбекұлы ДІЛДӘБЕКОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Университет қабырғасында жүріп бокспен айналыса бастаған. XII Азия ойындарының жеңімпазы, Бангкок қаласы; Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хьюстон қаласы (АҚШ); Сидней олимиадасының күміс жүлдегері; Шығыс Азиялық ойындардың жеңімпазы, Осака қаласы (Жапония); XV Азиялық ойындардың күміс жүлдегері, Доха қаласы (Қатар); Афина олимпиадасына қатысқан.

1998-2000 жылдары «Локоматив» теміржол денешынықтыру және спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы, «Локоматив» спорт клубының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы болды. 2000-2007 жылдары облыстық кешенді жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы ұстазы, 2007-2008 жылдары №5 Шымкент қалалық мамандандырылған бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры болды.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

127 жыл бұрын (1899-1974) қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, мемлекет қайраткері Мәдина Қожбанқызы БЕГАЛИЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсын, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1922-1935 жылдары Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935-1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды.

1943-1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.

Соңғы жаңалықтар