19 наурызда елдегі қай жолдар жабық
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді:
Ақтөбе облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153-шақырым аралығы («Эко Ойл» — Ырғыз ауылы учаскесі).
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.
Қозғалыс 2026 жылғы 1 сәуір сағат 08:00–де ашылады деп жоспарланып отыр.
Ұлытау облысы
• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 756-788-шақырым аралығы (Жаңаарқа кенті — Қарағанды облысының шекарасы).
Ақмола облысы
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы төлем пункті — Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем пункті);
• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906-шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті);
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 248-357-шақырым аралығы (Атамекен ауылы — Ақсу-Аюлы кенті);
• «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» автожолының 17-217-шақырым аралығы (Қарағанды қаласы м Қарқаралы қаласы);
• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135-шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы
• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті);
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 наурызда еліміздің 15 облысы мен Астанада күн райына байланысты ескерту жасады.