19 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 19 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

19 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ

РФ Әскери-теңіз флоты сүңгуір қайық қызметкерлерінің күні.

Халы қаралық тұтынушы күні. Бұл күн литвалық және ресейлік кәсіпкерлердің бастамасымен пайда болған күн. Алғаш рет 2010 жылы тойланды. Содан бері жыл сайын бұл мерекені Еуропа мен Америка елдері қолдап келеді. Атап айтқанда бұл күні кәсіпкерлер тұтынушыларына ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, өздерінің ризашылығын білдіреді.

Финлянди ядағы теңдік күні. Бұл жазушы, драматург, журналист және қоғам қайраткері Минна Канттың туған күніне орай белгіленген мереке. Дәл осы күнді 2003 жылы Финлияндияның Ішкі істер министрлігі ұсынған. Сөйтіп ол 2007 жылы мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 8 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Жоғарғы сот кеңесінің бірінші мәжілісі өтті.

1 3 жыл бұрын (2001) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы бекітілді.

9 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылының №157 орта мектебіне танымал ғалым, қоғам қайраткері, профессор Беркімбай Перімбетовтың есімі берілді.

Беркімбай Перімбетов (1929-1996) Қазақ КСР-ның құрылыс материалдары өнеркәсiбінің министрі, КСРО Министрлер Кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілі болды. 1984 жылдан «Оргтехстром» АҚ-ны басқарды. Ғалым өнеркәсіп құрылыс материалдарының жаңа саласын құруға зор үлесін қосты.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық компаниясы өзінің корпоративті www.telecom.kz порталының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Оның ішінде 52 ақпараттық қызмет бар, атап айтқанда олар компания туралы толық ақпарат, барлық көрсетілетін қызмет түрлері мен тарифтердің тізімі, төлеу қызметі туралы мәлімет, абонент анықтамасы және т.б.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев статистика қызметі саласындағы құқықтық негіздерді, мемлекеттік статистика органдарының және респонденттердің өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-қимылын анықтауға бағытталған «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Мемлекеттік статистика туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

83 жыл бұрын (1931) Қазақстандағы алғашқы әрі алдынғы қатарлы медициналық оқу ордасының бірі - С.Д.Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық академиясы ашылды.

4 жыл бұрын (2010) Қытайдың Үрімші қаласында «Аққу әуені» атты қазақ халық әндерінің жинағы шықты. Сондай-ақ бұл күні қазақ поэмалары мен айтыскер ақындардың жинағының тұсауы кесілді.

3 жыл бұрын (2011) Алматыда алғаш рет қазақ блогерлерінің құрылтайы өтті.

3 жыл бұрын (2011) мәскеулік «Мир» орталық залында Наурыз мейрамына арналған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұйымдастыруымен салтанатты кеш өтті.

1 жыл бұрын (2013) Астанада ҚР электронды үкіметінің мобильдік қосымшасының таныстырылымы өтті.

1 жыл бұрын (2013) «Эйр Астана» компаниясының Embraer 190 ұшағына Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығы мен Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әмина Өмірзақованың есімі берілді. Жаңа әуе кемесі Астанадан Павлодар, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Екатеринбург, Новосібір, Баку, Тбилиси, Бішкек, Орынбор, Омбы және Ташкент қалаларына қатынайды.

1 жыл бұрын (2013) Алматыда қаржыгерлер bаллеясы ашылды. Оған тянь-шаньдік 70 шырша отырғызылды.

640 жыл бұрын (1474) Венецияда өнер туындыларын қорғау туралы заң - әлемдегі алғашқы авторлық құқықты қорғау туралы заң қабылданды.

183 жыл бұрын (1831) АҚШ-та алғашқы банк тонауы орын алды. Америкалық эмигрант Эдвард Смит City Bank of New York банкінен 245 000 доллар ұрлап, кейін ол түрмеге отырғызылды.

115 жыл бұрын (1899) Ресейде және Петерборда алғашқы жедел жәрдем стансасы ашылды.

92 жыл бұрын (1922) сол кездегі елдегі ең үлкен биіктігі 160 метрлік Шаболовка радиостансаынан хабар таратыла басталды.

80 жыл бұрын (1934) «Прогресс» совхозының жұмысшысы Митрофан Михайлович Никитин В.И.Лениннің бальзамдалған мәйітін ұрлауға әрекеттенді.

56 жыл бұрын (1958) Страсбургте Еуропарламенттің алғашқы отырысы ашылды.

ЕСІМДЕР

11 5 жыл бұрын (1899-1974) қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері БЕГАЛИЕВА Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсты, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген. 1922-1935 жылдары - Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935-1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды. 1943-1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.

6 4 жыл бұрын (1950) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер ҚАЖЫМҰРАТОВ Сердеш дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Әжібай ауылында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген.

Қарағанды облысы драма театрының актеры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бас режиссеры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қоюшы режиссеры.

Театр сахнасында Әлібек, Жапал (Мұхтар Әуезов «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек»), Шоқан (Сәбит Мұқанов «Шоқан Уәлиханов»), Қодар, Сердәлі (Ғабит Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу, «Ақан сері-Ақтоқты»), Бақыт, Алтынбек (Сәкен Жүнісов «Тырау-тырау тырналар», «Қысылғаннан қыз болдым»), Нияз (Тахауи Ахтанов «Махаббат мұңы»), Жангелдин (М.Симашко «Төтенше комиссар») рөлдерін ойнаған.

10-нан аса кинофильмге түсті, 1986 жылы «Күзет бастығы» фильмінде Құрымбайдың рөлін шынайылықпен шебер сомдады. Режиссер ретінде Дулат Исабековтың «Апа» пьесасын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында сахналады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.

60 жыл бұрын (1954) кинорежиссер НҰҒЫМАНОВ Рашид Мұсаұлы дүниеге келді.

Алматыда туған. Қазақ политехникалық институтын, Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1977-1981 жылдары Алматыдағы «Қазақазаматауылжоба» институтының аға сәулетшісі. 1981-1984 жылдары - Қазақстан ескерткіштерді қорғау қоғамының сәулетшісі. 1988 жылы «Ине» фильмін түсіріп, 1990 жылы Нюрнгри қаласындағы (Германия) Халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. 1988-1989 жылдары Нұғыманов «Қазақфильм» киностудиясы «Әлем» бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 1993 жылдан шет елде тұрады. Ол 1986 жылы қысқа метражды «Йа-хха», 1992 жылы «Жабайы Шығыс», т.б. фильмдерін түсірген.

60 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі РАҚЫМОВА Жұмағаным дүниеге келді.

Ресейдің Саратов облысында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Сол жылы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің, «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әнші-солисі болды. Қазір Батыс Қазақстан филармониясында әнші, әрі Батыс Қазақстан университетінде доцент болып істейді. Әншінің репертуарында 300-ден астам қазақ, орыс және шет ел композиторларының әндері, ариялары, романстары, вальстері, т.б. бар. Оның орындауындағы бірнеше ән, республикалық телерадионың «Алтын қорына» жазылған. 1981 жылы Бүкілодақтық М.Глинка атындағы вокалистер байқауының дипломанты атанған.

60 жыл бұрын (1954) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халық аспаптары оркестрі» кафедрасының меңгерушісі, өнертану маманы, доцент, республикалық күйші-сазгерлер конкурсының лауреаты, Ашғабадта өткен 1-ші Бүкілодақтық сазгерлер турнирінің дипломанты, Киевте өткен 2-ші Халықаралық фольклорлық фестивальдің жүлдегері ЖАРҚЫНБЕКОВ Мұсабек дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Оның есімі республикаға өнер зерттеуші ғалым және қылқобыз шебері ретінде кеңінен танымал. Ол «Қазақ халық аспаптары оркестрі», «Ғасырлар үні», «Халық аспаптары оркестрімен жұмыс істеу әдісі», «Оңтүстік Қазақстандық жыршы, термеші және композиторлар», «Қылқобыз үйрену методикасы», «Күй толқыны хрестоматиясы», «Қазақ ұлт аспаптарының мәселелері», «Аспаптану», «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» сияқты ғылыми-әдістемелік кітаптардың, зерттеу еңбектердің авторы. Қорқыттың (8-9 ғ.) шығармашылығы мен музыкалық мұрасына арналған «Елім-ай» атты монографиясы жапон, ағылшын тілдеріне аударылып жарық көрді. «Көне музыка аспаптары мұражайын» ұйымдастырды. Ол іздеп тауып, жетілдірген «Қамыс сырнай», «Тіл сыбызғы» аспаптары халық өнерпаздарымен қайта қауышты. Жарқынбеков 1979 жылдан бері Шымкенттегі халық аспаптары оркестрінің дирижері, «Достық» ән-би ансамблінің жетекшісі, 1986 жылы «Қазына» фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрып, халықтың саз аспаптарын, көне ән-күйлерін насихаттап келеді. Осы ансамбльді бастап Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Ресей, Украина, Польша, Германия, Куба, Түркия елдерінде өнер көрсетіп қайтты.

4 5 жыл бұрын (1969) «Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы ШАЯХМЕТОВА Үміт Болатханқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің экономика және құқық факультетін (1993) экономист мамандығы бойынша; utgers university (АҚШ, Нью-Джерси қ.,1996), МВА дәрежесімен бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін біледі.

1993 жылдан ҚР Ұлттық банкінің маманы. 1997 жылдан -АBN AMRO BANK құрылымдық қаржыландыру бөлімінің маманы. 1998 жылдан - АBN AMRO Asset management басқарма төрайымы. 2000 жылдан - «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарушы директоры; АBN AMRO BANK басқарма төрағасының орынбасары. 2004 жылдан - «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма терағасының орынбасары 2009 жылдан бері- «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1974) «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары БАЙБЕК Бауыржан Қыдырғалиұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген. Ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген. «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаұлық» (2007, екі тілде), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы; «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы; 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан бастап «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі. «Құрмет» (2008) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Президентінің алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.

40 жыл бұрын (1974) Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі СҮЛЕЙМАНОВА Жанар Халелқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясының фортепиано факультетін (1997) концерт орындаушысы, оқытушы, камералық ансамбльдің әртісі мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында ассистентура-машықтануды бітірген (1999). Дж. Верди атындағы Милан консерваториясында машықтанудан өткен (2006 жылдың қарашасынан 2007 жылдың ақпанынан дейін). Италияда және Германияда шеберкластарға қатысқан.

«Ильяс Омаров. Жизнь и философия» (2003) кітабының тең авторы. «Семь нот» (2000-2001) және «Новая эра» (2001) журналдарында, «Новое поколение» (2000-2003) газетінде жарияланған мақалалардың авторы. 1992 жылы ол туралы «Өнерпаз болсаң» атты фильм түсірілген.

Концерттік қызметі жылдарында 200 концерт берді, оның 80-нен астамы жеке концерттік. «Академия солистов» оркестрімен Моцарт (№20 ре минор) концерттеріне, дирижері Б. Мұсаходжаева (1995); Т. Әбдірашевтің басқаруымен Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне (И. Брамс, №1 концерт, ре минор, 1997); Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік квартетпен концертте Д. Шостаковичтің квинтетіне (2002) қатысты.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында жеке концерттерін (1994, 1996); Мемлекеттік ағаштан жасалған үрмелі аспаптар квинтетімен фильм-концертте, фильм-концөртте жеке бағдарламасын (2008) берген. Алматы, Астана, Қарағанды қалаларының; Италия, Германия, Ресей сахналарында оркестрімен және жеке концерттерін берді.

Орыс, қазақ, ағылшын, неміс, француз, түрік және итальян тілдерін біледі.

2000 жылдың қаңтарынан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. Республикалық пианистер конкурсының (Көкшетау қ., 1990), өңірлік пианистер конкурсының лауреаты (Ташкентқ., 1991). АҚШ-та өткен Оңтүстік Миссури Халықаралық пианистер конкурсының дипломанты (Миссури, Джоплин, 1992). ҚазКСР Музыкалық қоғамының Құрмет грамотасымен (1990), Италияда өткен«Пальма д'Оро» Халықаралық конкурсы финалисінің дипломымен және күміс медалімен (Лигурия, 2000),Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының, Венгрия, Италия, Польша елшіліктерінің грамоталарымен және алғыстарымен марапатталған.

3 8 жыл бұрын (1976) боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстан - Куба боксшыларының арасында өткен жолдастық кездесудің және Варшавада өткен Ф.Штамм атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы, әлем чемпионатының, ХXVІІ-ші Олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері ДІЛДӘБЕКОВ Мұхтархан Қабыланбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туған. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Университет қабырғасында жүріп бокспен айналыса бастаған, оның алғашқы жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин.

XII Азия ойындарының жеңімпазы, Бангкок қаласы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хьюстон қаласы (АҚШ), Сидней олимиадасыныи күміс жүлдегері, Шығыс Азиялық ойындарының жеңімпазы, Осака қаласы (Жапония), XV Азиялық ойындарының күміс жүлдегері, Доха қаласы (Катар), Афина олимпиадасына қатысқан. 1998-2000 жылдары - «Локоматив» теміржол денешынықтыру және спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы, «Локоматив» спорт клубының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 2000-2007 жылдары - Облыстық кешенді жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы-ұстазы. 2007-2008 жылдары - №5 Шымкент қалалық мамандандырылған бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдан наурызынан бастап - Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры қызметін атқарады.

Оңтүстік Қазақстан облысының, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы.

«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1954) Қазақстандық софтверлік компаниялар ассоциациясының баспасөз қызметінің жетекшісі ЖҰМАДІЛДИН Бақтыбай Асанұлы дүниеге келді.

Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа топырағында туған. Мәскеудегі Ломоносов атындағы университетінің журналистика факультетін бітірген тұңғыш журналист. «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газетінде, «Арай» журналында істеген. 1989 жылы шыққан «Әлем» альманахының жауапты хатшысы, «КРАМДС-Бизнес» Қазақстандағы бірінші халықаралық түрлі-түсті газеттің бас редакторы, «Ғанибет» журналының бас редакторы, 1996 жылдан бастап республикалық білім берудегі жаңа технологиялық орталықта бас редактор, 1997 жылдан «Қазақстандағы информациялық технологиялары» деген журналға бас редактор болып тағайындалған. 1991 жылы «КРАМДС-Пресс» кейін «Кенже-Пресс-Медиа» атанған баспаның бас редакторы. Қазіргі қызметінде 2012 жылдан бері.

201 жыл бұрын (1813-1873) ағылшын миссионері, көрнекті Африка зерттеушісі Давид ЛИВИНГСТОН дүниеге келді.

11 4 жыл бұрын (1900-1958) француз физигі, Әлем жақтаушыларының бүкiләлемдiк қозғалысының негiздеушісі және жетекшiлерiнің бiрі, Франция Институтының мүшесі, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі ЖОЛИО-КЮРИ Фредерик дүниеге келді.

Париж қаласында туған. Физика және қолданбалы химия мектебін бітірген.

Оның атымен Әлем алтын медалі бар. 120-ға жуық ғылыми еңбектер жариялаған. Оның жартысына жуығын жұбайы Иренмен бірігіп жазған. Басында олар «Ирен Кюри және Фредерик Жолио», кейіннен «Ирен және Фредерик Жолио-Кюри» деп жазғандықтан олардың тегі қосылған. Жасанды радиоактивтi құбылысты ашқан үшін, ресми сипатталғандай «радиоактивтi элементтердiң орындалған синтезi үшін», 1935 жылы Жолио-Кюри жұбайымен Нобель сыйлығын иеленді.

8 4 жыл бұрын (1930-2005) опера әншісі, КСРО халық әртісі ШТОКОЛОВ Борис Тимофеевич дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар