19 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Үкімет үйінде Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
9.00-де «Рэдиссон» қонақ үйінде МАЙНЕКС Қазақстан 13-ші тау-кен геологиялық форумы өтеді. Форум «Ұлттық даму игілігі үшін жер қойнауын пайдалану» жалпы тақырыбымен ұйымдастырылады.
11.00-де «ЕХРО» көрме орталығында «Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңке көрменің ашылу салтанаты өтеді.
11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінде «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан алдын алу шаралары» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.
Спикер: Астана қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сарқыт Бейсенова.
Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
15.00-деҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Испанов Ілияс Сапарбекұлы.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
16.00-де Астана қаласы мәслихатында қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «Қыз Жібек» операсы көрсетіледі.
19.00-деҚалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы қойылады.
18.00-де Жастар театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымы сахналанады.
21.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы көрсетіледі.