19 сәуір. Тұлғалар туған күн

календарь
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін, 19 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1957) пианиношы, концертмейстер, педагог Жәния Жақияқызы ӘУБӘКІРОВА дүниеге келді.

АУБАКИРОВА Жания Яхияевна
Фото: aubakirova.com

Алматыда туған. П.И. Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л. Власенконың сыныбы бойынша бітірді.

1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастап, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарады, 1993 жылдан профессор, 1997-2018 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының ректоры болды.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиеті орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1983 жылы Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында, 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің конкурсында Гран-При жеңіп алған.

50 жыл бұрын (1974) Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Меделбайұлы ҚАТАЕВ дүниеге келді.

 КАТАЕВ Дамир Меделбаевич 
Фото: Алматы облысының прокуратурасы

Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолы: 1996 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, Іле ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, Алматы қаласы Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау департаментінің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2017-2019 жылдары Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры, 2019-2022 жылдары Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының талдау бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Сергеевич ГЛУХИХ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. 1996 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы: «Есіл», «Столичный проспект», «Нива», «Азамат times», Вечерняя Астана газеттері мен журналдарында, «Хабар» агенттіггінде журналист болып жұмыс істеді. 1999-2005 жылдары ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Кеңсесінің бас инспекторы, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Сенатының Ақпараттық және парламентаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы, 2007-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2019-2023 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.

44 жыл бұрын (1980) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Алтайұлы ДӘУІТОВ дүниеге келді.

ДАУТОВ Дархан Алтаевич
Фото: fcc.kz

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – халықаралық экономист, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау институтын Master of Business Administration дәрежесімен, Оңтүстік Кореядағы Корея даму институтын Master of Public Policy дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «АТФ Банк» АҚ-та бастаған. 2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Андеррайтинг департаментінің андеррайтері, 2008-2011жылдары ҚР премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, 2011-2012 жылдары Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары, 2012-2013 жылдары Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2013-2018 жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары ҚР премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, премьер-министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Индустриалды-инновациялық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2019-2022 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры болды. 2022 жылғы 22 тамыздан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар