19 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 19 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1960) филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Төлембекұлы ДОСКЕН дүниеге келді.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Әр жылдары «Қазақстан республикалық телевидение және радио корпорациясы» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2001-2002); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2002-2006); «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі (2007 жылдан бастап) болып қызмет еткен.
«Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» және т.б. фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының, аудармалардың авторы.
60 жыл бұрын (1964) Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы ТӨРЕҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туған. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын – инженер-экономист, 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастаған ол 1982-1984 жылдары Венгрияда әскери борышын өтеді. Еңбек жолында Теректі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары сынды жауапты қызметтерді атқарды. 2008-2010 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры болды. Ал 2010-2012 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы. 2012-2015 жылдар аралығында Ақжайық ауданының, 2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі болды. Парламент Сенатының депутаты (2017-2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылдан бері. Құрмет орденімен марапатталған.
47 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Сергеевич СОВЕТОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясы үздік және алтын медальмен бітірген.
Еңбек жолы: ҚР ТЖМ Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпарат, байланыс және ескерту бөлімінің аға офицері (1999-2001); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпарат, байланыс және ескерту бөлімінің аға офицері (2001-2005); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Байланыс, ақпарат және ескерту басқармасының бастығы (2005-2009); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел әрекет ету департаментінің аға офицері (2009-2010); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару жұмыстарының Күштері мен құралдары басқармасының бастығы (2010-2012); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаменті Күштер мен авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы директорының орынбасары – бастығы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры (2014-2014); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы (2014-2016); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (2016-2020).
2020 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.