19 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 19 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

65 жыл бұрын (1960) филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Төлембекұлы ДОСКЕН дүниеге келді.

 Ғалым Төлембекұлы ДОСКЕН
Фото: adebiportal.kz

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Әр жылдары «Қазақстан республикалық телевидение және радио корпорациясы» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2001-2002); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2002-2006); «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі (2007 жылдан бастап) болып қызмет еткен.

«Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» және т.б. фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының, аудармалардың авторы.

61 жыл бұрын (1964) Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы ТӨРЕҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Нариман Төреғалиұлы ТӨРЕҒАЛИЕВ
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туған. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын – инженер-экономист, 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастаған ол 1982-1984 жылдары Венгрияда әскери борышын өтеді. Еңбек жолында Теректі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары сынды жауапты қызметтерді атқарды. 2008-2010 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры болды. Ал 2010-2012 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы. 2012-2015 жылдар аралығында Ақжайық ауданының, 2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі болды. Парламент Сенатының депутаты (2017-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылдан бері. Құрмет орденімен марапатталған.

53 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысы Болат Тұрғанұлы ТӨКЕЖАНОВ дүниеге келді.

 Болат Тұрғанұлы ТӨКЕЖАНОВ
Фото: primeminister.kz

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1994); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі (2010).

Еңбек жолы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша ғылыми-зерттеу институтының аға салық инспекторы (1994-1995); Міндетті медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекші маманы, қаржы бөлімінің басшысы, директорының орынбасары (1996-1998); Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, директоры (1999-2000); «Денсаулық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры (2001); Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-медициналық орталығының директоры (2001-2003); Басқарма басшысы, стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы, экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары (2003-2009); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры (2010-2013); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (2013-2014); «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологиялар трансферті және институционалдық реформа» жобасының ұлттық үйлестірушісі (менеджері) (2014-2017); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы (2017-2019); «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Басқарма төрағасы (07.2020-2022); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы (2022-2023); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысы (2023-2025).

2025 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2018).

47 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Сергеевич СОВЕТОВ дүниеге келді.

Алексей Сергеевич СОВЕТОВ
Фото: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті

Көкшетау қаласында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген (1999); Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясы үздік және алтын медальмен бітірген (2008).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпарат, байланыс және хабарландыру бөлімінің аға офицері (1999-2001); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпарат, коммуникациялар және хабардар ету басқармасының аға офицері (2001-2005); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті байланыс, ақпараттандыру және хабарландыру басқармасының бастығы (2005-2009); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел әрекет ету департаментінің аға офицері (2009-2010); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаменті Төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары басқармасының бастығы (2010-2012); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің Төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары департаменті директорының орынбасары – бастығы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры (2014); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы (2014-2016); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (2016-2020).

2020 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар