19 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 19 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

53 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының редакциялау және сараптама бөлімінің меңгерушісі Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ ҚАБОШ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: ҚР ҰҒА жанындағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1995-1998); «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының жетекші маманы, «Арыс» Қазақстан репрессияға ұшыраған зиялылар мұрасын зерттеу қорының ғылыми редакторы (1998-2002); «Қазақстан телерадиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ «Жаңа күн» шығармашылық бірлестігінің редактор-стилисті, «Информ-А» ТОО редакторы, «Атлас-2001» баспасы» ТОО-ның бас редакторы, «Глобус» баспасы» ТОО директорының орынбасары (2002-Алматы); «Қазақстан теміржолшысы» газетінің редактор-корреспонденті, «Айқын» газетінің тілшісі, «Литер Медиа» ЖШС-нің Астана қаласындағы тілшілер бөлімінің меңгерушісі (2004-2009); Қазақстан (2017-2019) Кеңсе меңгерушісі хатшылығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің Жалпы бөлімінің сектор меңгерушісі (2019-2022);

2022 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1980) — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, доцент, полиция полковнигі Қалижан Жеңісбекұлы ҚОБЛАНДИН дүниеге келді.

КОБЛАНДИН Калижан Женисбекович
Фото: Gov.kz

Қызылорда облысында туған. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (2001); Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын бітірген (2006).

Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысы ІІД Тоғызыншы ІІБ экономикалық қауіпсіздік бөлімінің жедел уәкілі (2002); ішкі істер органдарында орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында (2002-2016); Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы (2016-2017); Қызылорда облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2017-2019); Көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары (2019-2023); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары (2023-2024).

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1985) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитұлы САМИТОВ дүниеге келді.

Мәжит Самитұлы САМИТОВ
Фото: akorda.kz

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген, мамандықтары бойынша заңгер және экономист.

Еңбек жолы: 2007-2015 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет еткен. 2015-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының 1-Департаментінің прокуроры, аға прокуроры, 2017-2018 жылдары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, 2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында меңгерушінің орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, 2021-2024 жылдары ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар