19 желтоқсан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

11.00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы басталады.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «ҚАЖ жүйелеріндегі бейнебақылау» тақырыбында онлайн брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз хатшысы Роман Теленьков.

12.00-де ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың жаңа тәсілдері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

15.00-де «Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спкиер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

15.00-де Парламент Мәжілісінде Қазақстан елді мекендеріндегі байланыс мәселелері бойынша Үкімет сағаты өтеді.

19.00-де Жастар театрында ŞAM театры «№37» спектаклін қояды.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» спектаклі ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар