19 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 19 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері.

Сағат 11.00-де Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылайды.

Сағат 11.00-де Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір зоналарында жер қойнауын пайдалану, газ және газбен қамтамасыз ету» заң жобасын талқылайды.

Сағат 11.00-де «Пекин Палас» қонақ үйінде Бүкіләлемдік «Қазақ күресі» федерацияның отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де «Назарбаев орталығында» ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған, жоғарғы сыныптар арасында «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша онлайн турнирдің марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг басталады.

Сағат 17.00-де Astana Hub, биометриялық сәйкестендіру және оның Қазақстандағы дамуы тақырыбына арналған іс-шара өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Интерфакс Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстанның католик қауымдастығы алдағы Рождество мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 11.00-де AЭТ кеңсесінде 2019 жылғы жұмыс қорытындысын шығаруға арналған жиналыс өтеді. Онда AЭT қызметі туралы есеп ұсынылады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Сүлеймен Бақырғанидің «Хикмат Хазирет Сұлтан әл-Гарифин» атты түпнұсқа қолжазбасының тұсаукесері өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қоры Алматы қаласы мен Алматы облысынан 1500-ден астам баланы Қазақ Мемлекеттік Циркінде жинайды. Онда Эрнст Теодор Амадей Хоффманның «Щелкунчик және Тышқан» ертегісі негізінде жаңа жылдық қойылым өтеді.

Соңғы жаңалықтар