19 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 19 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
57 жыл бұрын (1968) Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Серік Қуанышұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Орал облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. 1991 жылы Ленинград кеме жасау институтын инженер-электромеханик, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Батыс Қазақстан филиалын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1991-1992 жылдары Алматы қаласы Киров атындағы машина жасау зауытының инженер-технологы, 1992-1993 жылдары «Агротехсервис» бойынша механикаландыру және құрылыс бөлімінің маманы, «Агроброксервис» шағын кәсіпорнының брокері, Орал қаласының «Жібек жолы» МП директорының орынбасары, 1993-1996 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, 1996-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы «Желаево», «Шыңғырлау» кеден бекеттерінің инспекторы, 1998-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы «Желаево» кеден бекетінің инспекторы, аға инспекторы, 2000-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, «Тасқала» кеден бекетінің инспекторы, 2002-2003 жылдары ҚР Кедендік бақылау агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік күзет және режим бөлімінің аға инспекторы, 2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті кедендік күзет және режим бөлімінің жедел-кезекші қызметінің аға инспекторы, 2004-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Бірлік» кеден бекетінің аға инспекторы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотының судьясы, 2007-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы № 2 Ақжайық аудандық сотының төрағасы, 2010-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық сотының төрағасы, 2015-2017 жылдары «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2021-2025 жылдары ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың желтоқсан айында кірісті.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1974) Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Тәпенұлы САЙФЕДЕНОВ дүниеге келді.

Орал облысы Орда ауданы Сайхын ауылында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ қала әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.
Әр жылдары Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, Әуезов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2023-2024 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Алексеевич ТУТУШКИН дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» (Бакалавр), «Макро-микроэкономика және математикалық модельдеу» (Экономика магистрі), сондай-ақ М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Executive management» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаменті экономикалық зерттеулер басқармасының экономисі ретінде бастады. 1998-2010 жылдары ҚР Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің экономисі, жетекші талдаушы, бас талдаушы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директор орынбасары, 2010-2011 жылдары ҚР Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық басқармасының бастығы, 2011-2014 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық департаменті директорының орынбасары, 2014 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры, 2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық Банкі Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің директоры, 2016-2019 жылдары ҚР Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің директоры, 2019-2020 жылдары ҚР Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры, 2020-2022 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігі Қаржы нарығымен өзара әрекет ету департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
2022 жылғы 11 наурызда ҚР Президентінің № 285 Өкімімен ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 14 наурыздан ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары — ҰБ Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
45 жыл бұрын (1980) Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әсем Қалашбайқызы РАХМЕТОВА дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында туған. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының тележүргізушісі, 2005-2009 жылдары «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы ОҚОФ АҚ редакторы, аға редакторы, 2009-2011 жылдары «Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингі» ҚМК бас редакторы, 2011-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2016 жылдары «Қызылжар Ақпарат» ЖШС «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің жауапты хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз хатшысының кеңесшісі, 2016-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы ОҚОФ бірінші орынбасары, жауапты хатшысы, 2022-2023 жылдары «АМАNАТ» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрайымы болды.
2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.
30 жыл бұрын (1995) Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Әнуар Асқарұлы СЕЙДРАХЫМ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды қаласы «5 арна» тілшісі, Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы; «Карағанды жылу транзиті» ЖШС баспасөз қызметінің басшысы, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінің қызметкері болып жұмыс атқарған.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
126 жыл бұрын (1899-1938) қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы, педагог-ағартушы, профессор Құдайберген Қуанұлы ЖҰБАНОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. Електегі (Орынбор облысы) екі кластық орыс училищесін, Орынбордағы «Хусайния» медресесін, Санкт-Петербург Шығыстану институтының толық курсын, КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институты аспирантурасын бітірген. Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінің, Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы-әдіскер және педтехникумының оқытушысы, Қазақ КСР Оқу халық комиссариатының ғылыми және оқу-әдістеме кеңесінің төрағасы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік Терминком төрағасы қызметтерін атқарған. Жұбановтың тіл білімі бойынша жазған еңбектері қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған. «Көмекші етістіктер мен күрделі етістіктер», «Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің жасалуы», «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары», «Фонетика», «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар», «Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі», «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан», «Буын жігін қалай ажыратуға болады», т. б. еңбектері — қазақ тіл білімі теориясын жасау және оны дамытуға қосылған үлкен үлес. Латын әліпбиіне негізделген қазақ орфографиясын жасауға қатысты. «Термин сөздердің өзіндік ерекшеліктері», «Қазақ әдеби тіл терминологиясының мәселелері» атты еңбектер жазды. Республика халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесі төралқасының, бірнеше ғылыми кеңестер мен қоғамдардың мүшесі болған. Халық ағарту ісіндегі еңбегі үшін «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған. 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып, 1957 жылы КСРО Жоғарғы Соты Соғыс коллегиясының үкімімен ақталды.