19 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР
Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. Електегі (Орынбор облысы) екі кластық орыс училищесін, Орынбордағы «Хусайния» медресесін, Санкт-Петербург Шығыстану институтының толық курсын, КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институты аспирантурасын бітірген. Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінің, Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы-әдіскер және педтехникумының оқытушысы, Қазақ КСР Оқу халық комиссариатының ғылыми және оқу-әдістеме кеңесінің төрағасы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік Терминком төрағасы қызметтерін атқарған. Жұбановтың тіл білімі бойынша жазған еңбектері қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған. «Көмекші етістіктер мен күрделі етістіктер», «Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің жасалуы», «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары», «Фонетика», «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар», «Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі», «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан», «Буын жігін қалай ажыратуға болады», т.б. еңбектері - қазақ тіл білімі теориясын жасау және оны дамытуға қосылған үлкен үлес. Латын әліпбиіне негізделген қазақ орфографиясын жасауға қатысты. «Термин сөздердің өзіндік ерекшеліктері», «Қазақ әдеби тіл терминологиясының мәселелері» атты еңбектер жазды. Республика халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесі төралқасының, бірнеше ғылыми кеңестер мен қоғамдардың мүшесі болған. Халық ағарту ісіндегі еңбегі үшін «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған. 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып, 1957 жылы КСРО Жоғарғы Соты Соғыс коллегиясының үкімімен ақталды.
Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан облысында ) дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (заңгер) тәмамдаған.
Еңбек жолы: адвокат тағылымгері, Семей облысы адвокаттар алқасының адвокаты (1983-1992), Семей облыстық төрелік соты судьясының мәіндеттерін атқарушы, судьясы (1997-1998), Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1998), Семей қалалық сотының судьясы (1998-2001), Астана қаласы ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы (2001-2005), ҚР Жоғарғы сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005-2006), Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрайымы (2006-2009), Астана қаласындағы Есіл аудандық сотының төрайымы (2009-2012), Астана қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы (2012-2014), Астана қалалық сотының судьясы (2014-2015).
Қазіргі қызметінде – 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Павлодар облысында туған. Өскеменнің жол құрылысы институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын, Ресей президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Техникалық ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының аға жол мастері болып бастаған. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары департаментінің автомобиль жолдары және жол қорын дамыту бөлімінің бастығы, Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан автомобиль жолдары облыстық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарған. 2002 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бас директоры болып қызмет атқарды. 2013 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. 2014-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болған. 2019-2020 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазанынан.
58 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Әскербек Бейсембекұлы ЖАКУЛИН дүниеге келді.
1990 жылы Р. А. Руденко атындағы Свердлов Еңбек Қызыл Ту орденді заң институтын бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылту аудандық прокуратурасында тергеуші болып бастаған. 1992 жылдан-Қызылту аудандық халық сотының әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу судьясы. 1993 жылы Ақмола облысы Көкшетау қалалық халық сотының халық судьясы болып тағайындалды. 1996-2018 жылдары – Көкшетау облыстық сотының судьясы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Көкшетау қалалық сотының судьясы, Ақмола облыстық сотының судьясы, Астана қаласы сотының судьясы. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Ақмола облыстық сотының судьясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 905 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» медалімен, «Үш би» құрмет белгісімен, «Байкал-Амур магистралінің құрылысы үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Бұрынғы Орал облысы Орда ауданы Сайхын ауылында туған. 1992 жылы М.Мәметова атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Абай атындағы Алматы гуманитарлық университетіне түсіп, 1996 жылы «География пәнінің мұғалімі және туристік-аумақтану әдіскері» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы заңгер мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін алды (Алматы үздіксіз білім беру университеті). 2012 жылы «экономист» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдады.
1997 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Матадор-А» ЖАҚ менеджері қызметін атқарған. 2005 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін Алмалы ауданы әкімінің аппаратында тәжірибеден өтіп, содан кейін ұйымдастыру бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып қызметке қабылданды. 2008 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімі бас маманы лауазымына көтерілді. 2009 жылы желтоқсанда Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, 2018-2019 жылдары Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болған.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамызынан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» (Бакалавр), «Макро-микроэкономика және математикалық модельдеу» (Экономика магистрі), сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Executive management» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаменті экономикалық зерттеулер басқармасының экономисі ретінде бастады. 1998 жылғы шілдеден бастап 2010 жылғы желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің экономисі, жетекші талдаушы, бас талдаушы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директор орынбасары. 2010 жылғы желтоқсаннан бастап 2011 жылғы мамыр аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық басқармасының бастығы. 2011 жылғы мамыр - 2014 жылғы маусым аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық департаменті директорының орынбасары; 2014 жылғы маусым - 2014 жылғы қараша аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары; 2014 жылғы қараша - 2015 жылғы желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры; 2015 жылғы желтоқсан - 2016 жылғы ақпан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің директоры; 2016 жылғы ақпан - 2019 жылғы мамыр аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің директоры; 2019 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы маусым аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры; 2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы наурыз аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігі Қаржы нарығымен өзара әрекет ету департаментінің директоры; 2022 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №285 Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 14 наурыздан ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары - ҰБАлматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,
«Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.