01:15, 19 Желтоқсан 2020 | GMT +5
19 желтоқсанда астанада Nur-Sultan Snowpark алаңы ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 желтоқсан күні елордада Nur-Sultan Snowpark алаңы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сенсек, ертең 18:00 кезінде елордадағы Ататүрік саябағында Nur-Sultan Snowpark сноуборд алаңы ашылады.
Бұл шара ашық ауадағы жаттығу форматында өтеді. Барлық санитарлық карантин талаптары сақталады.
Nur-Sultan Snowpark – snowboard және freeski секілді қысқы экстремалды спорт түрлеріне арналған ашық спорт-жаттығу алаңы. Онда джиббинг спортымен де айналысуға болады.
Жобаны іске асыруға астананың Байқоңыр ауданының әкімдігі және Қазақстан скейтбординг федерациясы қолдау көрсеткен.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін елордада сноуборд алаңы ашылатынын жазған болатынбыз.