1970 жылғы әйел өз қызын пышақтап өлтірді

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат - Алматының Алатау ауданында таяуда өз үйінде пышақ жарақаты, зорлық-зомбылық белгілерімен 1990 жылғы қыздың мәйіті табылды.

1970 жылғы әйел өз қызын пышақтап өлтірді

Сол күні Алатау ІІБ қызметкерлері оның 1970 жылы туған анасын ұстады. Сезіктінің айтуынша, қызы ащы суға әуес болған. Ол екі күн бұрын үйіне масайған күйінде оралып, анасымен жанжалдасқан. Дау-дамай мен төбелестің соңы анасының тауық мүшелеп жатқан пышағын қызына сұғып алумен аяқталды. Бойжеткен пышақ жарақатымен 2 күн бойы жүрген. Ол 20 шілде күні дүкенге бара жатқан жолда есінен танып, жерге құлаған. Ата-анасы үйіне жеткізіп, жедел жәрдем қызметін шақырған.

ҚР ҚК 103 бабы 3 бөлігі бойынша (соңы абайсызда жапа шегушінің өліміне ұласқан денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу) қылмыстық іс қозғалды.