2-3 балдық жер сілкінісі Шымкент пен Таразда да сезілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 сағат 41 минут 50 секундта жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңүстік-батысқа қарай 764 км қашықтықта Ауғанстан мен Тәжікстан аймағында жатқан. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап хабарлайды.

2-3 балдық жер сілкінісі Шымкент пен Таразда да сезілді

«Зілзаланың энергетикалық класы 14.5. Магнитудасы 6.8. MPV. Бағыты 37 с.е. 43° с.б. Тереңдігі 30 км. 2 балдық жер дүмпуін Шымкент пен Тараз тұрғындары да сезген»,-делінген хабарламада.