2 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2021 жылғы 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру шаралары; 2021 жылғы 29 қаңтардағы Мемлекет басшысының Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және Үкіметтің ресми аккаунттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында трансляцияланады.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ
баспасөз конференциясы. Тақырыбы: Зейнетақы жинақтарын пайдалану. Алғашқы нәтижелер. Спикерлер: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Құрманов Жанат; «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры, Нұр-Сұлтан қ. филиал директоры Шарипов Мұрат; «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ басқарма төрайымы Ибрагимова Ляззат; «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ орталық филиалының директоры Матай Жансұлтан. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.