2 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
None
None

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с бақыланады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейюі күтіліп, Жамбыл облысында бұрқасынмен бірге болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.

Соңғы жаңалықтар