2 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 2 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

2 қыркүйек, СЕ ЙСЕНБІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні (1939-1945). Дәл осы күні 2-ші дүниежүзілік соғыстағы не бары үш аптаға созылған аса маңызды операциялардың бірі сәтті аяқталып, Жапонияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі актіге қол қойылды. Ұлы Отан соғысында әбден шыңдалған Кеңес армиясы мақтаулы Квантун армиясының тас-талқанын шығарды.

Ресей Ұланының күні. 2000 жылғы желтоқсандағы РФ Президентінің Жарлығымен бекітілген. Ресей Императорлық Гвардиясы Петр бірінші билік еткен тұстарда Преображенский және Семенов полктері негізінде құрылған болатын. Бұл полктер 1918 жылы таратылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қайта құрылды. 1941 жылы Смоленск түбіндегі ұрыстарда ерекше көзге түскен төрт атқыштар дивизиясы Сталиннің бұйрығымен гвардия атауын алды. «Гвардия» атағы Кеңес Қарулы Күштерінің Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен ерлік көрсетіп, көзге түскен әскери бөлімдеріне, кемелеріне, құрамаларына және құрамдарына берілді. Әскери құрамалар гвардия туын, ал жеке құрамдар гвардия туы мен төсбелгісін алды.

Вьетнамның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1945). Вьетнам - Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігі Қытаймен, батысы Камбоджа және Лаоспен, шығысы мен оңтүстігі Оңтүстік-Қытай теңізімен шектесіп жатыр. Астанасы - Ханой қаласы. Мемлекеттік тілі - вьетнам тілі. Ақша бірлігі - жаңа донг.

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 29-ында орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

7 6 жыл бұрын (1938) Алматы мен Павлодар арасын байланыстыратын телеграф желісі өз жұмысын бастады. Осы желі ашылған соң Алматы мен республиканың барлық облыстары арасында байланыс жасау мүмкіндігі ашылды.

2 2 жыл бұрын (1992) Карелия жерінде алпыс жылға жуық уақыт жат топырақта жатқан қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың мәйітін Торғай облысы, Жангелдин ауданындағы өзінің есімімен аталатын ауылға әкеліп жерлеу үшін арнаулы делегация алыс сапарға аттанды.

20 жыл бұрын (1994) Алматыда Райымбек батыр кесенесінің салтанатты ашылу рәсімі болды.

20 жыл бұрын (1994) Қазақстандағы консалтинг қызметі нарығы көшбасшыларының бірі Tenir Project ЖШС-і құрылды.

8 жыл бұрын (2006) Вашингтондағы Джорджтаун университетінің бір топ зерттеушілері профессор Джейн Маколиффтің жетекшілігімен 5 томдық «Құран энциклопедиясын» құрастыруды аяқтады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының хабарлауынша, жаңа басылым ағылшын тілінде шығарылған жоғары сапалы анықтама болып табылады және ол мұсылмандардың қасиетті кітабы туралы батыс өкілдерінің білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтырады.

1 9 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Морис Давидович Симашко «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алды.

Симашко Морис Давидович (1924-2000) - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері. Одесса педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы - Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Таяу Шығыстың тарихы мен ежелгі мәдениеті болды. Көркем аударма саласында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын, тағы басқалардың шығармаларын орыс тіліне тәржімалады.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда «Казахстан: история успеха глазами мирового сообщества» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті

Ұйымдастырушысы - Қазақстанның Атамекен жалпы ұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы.

Бұл Қазақстан туралы басқа мемлекеттер басшыларының, беделді саясаткерлердің, ғалымдардың, бизнесмендер мен журналисттердің айтқан пікірлері жинақталған бірінші кең көлемді жинақ болып отыр. «Казахстан: история успеха глазами мирового сообщества» атты кітабын жазу идеясы жалпы ұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының шағын және орта бизнестің жаңа идеологиясын іздестіру кезінде пайда болды.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде Алматының «Таймас» баспа үйінен басып шығарылған.

7 жыл бұрын (2007) Қазақстанда алғашқы рет күрт тілінің оқулығы жарық көрді.

Авторы - «Барбанг» күрттер қауымдастығының президенті Князь Мирзоев.

Қазақстанда қазіргі кезде күрт ұлтының 50000 өкілі тұрып жатыр. Күрт ұлты өкілдерінің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында байқалған. Аталмыш жерлерде күрт ұлтының мәдениет орталықтары және күрт тілінде оқытатын мектептер ашылып жатыр. Республикамыздың Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында ұлттық-мәдениет орталықтары жұмыс істейді, орыс тілінде ай сайынғы «Курде Зана» газеті шығады. Жұмыс істеп тұрған «Барбанг» Қазақстандағы күрттер қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясына бірінші болып кірген қоғамдық ұйым болып табылады.

7 жыл бұрын (2007) Алматы қаласының орталық көрме залында «Мәскеу. 10 жылдық өрлеу кезеңі» атты көрме ашылды.

Бұл бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы өзара көрмелер алмасу жөніндегі іскерлік келісім-шарт бойынша алғаш рет жүзеге асып отырған шара болып саналады. Онда 140 ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған 13 миллионнан астам тұрғыны бар қала тарихынан сыр шертетін фотосуреттер топтамасы көрермен назарына ұсынылды. 1990 жылдардың бас кезінде Мәскеу өмірінде мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда түбегейлі өзгерістер болды. Ресей астанасы бұл күнде жаңару кезеңін бастан кешуде. Қалада іскерлік орталықтар, кеңселік кешендер мен сауда және ойын-сауық орталықтары бой түзеуде.

5 жыл бұрын (2009) Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алу құрметіне обелиск орнатты.

Жамбыл ауданнының орталығы Пресновкада ескерткіш орнату туралы шешім офицерлер жиналысында қабылданған болатын, ал қаржыны полицейлердің өзі жинады.

Сергей Васильченко, Ерік Оспанов, Александр Гордеевтердің есімін ауданның әрбір тұрғыны біледі. Олар - әр жылдары қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлер.

Обелискінің ашылу рәсіміне аудан басшылары, ішкі істер органдарының ардагерлері, қаза болған қызметкерлердің туыстары шақырылды. Бір минуттық үнсіздіктен және үш дүркін оқ атылған соң ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

ЕСІМДЕР

10 8 жыл бұрын (1906-1997) геолог-маркшейдер, геомеханиктердің қазақстандық мектебінің негізін салушы және ұйымдастырушы, геология-минералогия ғылымдарының жокторы, КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР ғлымына еңбек сіңірген қайраткер әл-МАШАНИ Ақжан Жақсыбекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы нда туған. Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген ( 1939). КСРО ҰА-ның Қазақстан бөлімшесінде ( 1939 - 43), Геология ғылымдары институты ( 1943 - 46), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі ҚазҰПУ) ( 1946 - 50), Қазақ политехникалық институты (қазіргі ҚазҰТУ) ( 1950 - 88) ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы - кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия , оптика , механика , химия , геохимия , кристалдық химия , география , геология , технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясы жаңғыртатын жаңалық жасады. Ол |тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориясы негізін анықтау; тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау. Осы мәселелерді біріктіре шешу - тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геол. құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып,Ақбастау - Құсмұрын кен өрісін ашқан. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында П.А. Рыжовпен бірге Лениногор, Зырьян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. М. геология , тау-кен ісі , маркшейдерия ғылымдарының мемл. тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғыл.-көпшілік, фантастик. жанрларына да үлес қосты. Оның "Жер астына саяхат" атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты. Әбу Наср әл-Фарабидің Дамаскідегі ( Сирия ) Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. "Әл-Фараби" тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады, ал "әл-Фараби және Абай" еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғыл. және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төккен. 1984 ж. Кувейтте шығатын "әл-Һараб" мерзімдік басылымында "әл-Машани" бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. М. 350-ден астам ғыл. еңбек, оның ішінде 9 монографияны жазған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ -дың Жаратылыстану институтына әл-Машани аты берілген, университетте әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық және ғалымның есімі берілген аудитория бар.

7 6 жыл бұрын (1938) Аралды құтқару қорының атқарушы директоры НҰРЫШЕВ Алмабек дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1974-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, химия өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі. 1988-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі іс басқарушынсының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президенті Аппаратының «Elf Aquitain» (Франция) компаниясымен келісім-шарт бойынша үйлестіру тобының жетекшісі. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 1994 жылдан бастап істейді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылымына депутат болып сайланған.

«Құрмет белгісі» орденімен, межальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 3 9 жыл бұрын (1975) Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі БӨЛЕКБАЕВ Ермағанбет Қабдоллаұлы дүниеге келді. Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. «Қазкоммерцбанк» Ашық акционерлік қоғамы филиалының жобалар мен сауданы қаржыландыру бөлімінің экономисі, Астана қаласындағы «Бизнес-Ақпарат» ақпараттық-коммерциялық орталығы өкілдігінің директоры. 1998 -2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің сауда қызметін реттеу департаментінің экспорттық бақылау және экспорт пен импортты лицензиялау басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас маманы. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің көмекшісі, Павлодар облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары. 2006-2008 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі, Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі. 2008-2009 жылдары - Павлодар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының бастығы, тәртіптік кеңесінің төрағасы. 2011 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңестің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы шілдеден бері.

7 7 жыл бұрын (1937-1993) опера әншісі (баритон), Қазақстанның халық әртісі, М.Глинка атындағы Бүкілодақтық әншілер байқауының лауреаты МҰСАБАЕВ Мұрат Хасенұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класында) бітірген. 1962 жылдан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі. 1964 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтік жұмыста (1979 жылдан - доцент) болды. Негізгі партиялары: Тарғын, Семен (Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» және «Дударай» операсында), Жанбота (М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсында), Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы). Оның репертуарында - қазақ, орыс және шетел композиторларының әндері мен романстары.

8 8 жыл бұрын (1926-1983) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ҚАРСАҚБАЕВАбдолла дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында туған. 1956 жылында Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1947 - 1983 жылдары "Қазақфильм" студиясында режиссеры болып "Ана мен бала" (1955), "Егер біздің бәріміз де..." (1961, екеуін де реж. С.Қожықовпен бірге), "Қанатты сыйлық" (1956, А.Слободник және Э.И. Файкпен бірге), "Ботагөз" (1957, Е.Е. Аронмен бірге) атты көркем фильмдерді қоюға қатысты. Тарихи тақырыпқа "Қилы кезең" (1968), "Даладағы қуғын" (1979, КСРО ХШЖК-нің күміс медалі) секілді фильмдерді, "Менің атым Қожа" (1963, Т.Дүйсенбаевпен бірге, 1964 жылы өткен Орта Азия мен Қазақақстан кинематографияшыларының байқауының және 1967 жылы Канн қаласында өткізген халықаралық кинофестивальдың дипломына ие болды), "Балалық шаққа саяхат" 1969), "Менің ағам" (1972), "Қатарыңнан қалма" (1974, телефильм); "Оу, ковбойлар" (1975), "Алты жасар Алпамыс" (1976; 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық 10 кинофестивальдің жүлдегері), "Балалық шақтың кермек дәмі" (1982) көркем фильмдерін, сонымен қатар "Қазақ халқының қолөнері" (1958), "Торғай шегі" (1963), "Черқасск қорғаны" (1970), "Ақтөбе" (1972), т.б. деректі фильмдерін қойған.

8 5 жыл бұрын (1929) экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚА Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, КСРО жоғары мектеп үздігі ОҚАЕВ Қаби Окайұлы дүниеге келді. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утеры кентінде туған. Педагог, экономика ғылымдарының докторы (1975), профессор (1978), КСРО Жоғары мектебінің үздігі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да оқытушы, аға оқытушы (1959-1963), Алматы халық шаруашылық институтында декан (1963-1964 және 1970-1987, қазіргі Қазақ экономика университеті), доцент (1967), кафедра меңгерушісі (1975-2005) болды; 2005 жылдан профессор қызметін атқарады. Өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы өндірісі, шаруашылық есеп қатынастарын, экономиканы басқарудың шаруашылық тетігін жетілдірудің экономика заңдылықтарын зерттеумен айналысып, осы салалар бойынша Қазақстанда ғылыми мектепті қалыптастырды. Өнеркәсіп саласындағы ұсыныстары мен әдістемелері Қазақстанның машина жасау, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында енгізілді. 250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 15 монографияның авторы.

«Құрмет Белгісі» орденімен (1986), медальдармен марапатталған.

20 9 жыл бұрын (1805-1851) аргентина философы, әлеуметтанушы, ақын ЭЧЕВЕРИА Эстебан Хосе дүниеге келді.

7 9 жыл бұрын (1935) Ресейдің халық әртісі ГАФТ Валентин Иосифович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар