21:12, 01 Қыркүйек 2022 | GMT +5
2 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН
11.00-де «Эмеральд Тауэр» бизнес орталығында республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік мәселелері, жол құрылысы маусымының аралық нәтижесі мен қыс мезгіліне дайындық жөнінде брифинг өтеді.
16.00-де Қалалық қуыршақ театрында «Көжек қалай қоян болды?» ертегісі көрсетіледі.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «TAMYR» шығармашылық тобының халықаралық «Арба» көрмесі өтеді. Көрменің мақсаты – шығармашылық «TAMYR» тобындағы заманауи суретшілердің туындыларын халықтың мәдени құндылықтары, тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін заманауи форматта танымал ету.
Фото: pixel-shot.com